2009 ж. 3 қаз.
Күнделікті нұр
Ол Жаратқан Иемен тілдескендіктен бет-жүзі нұр шашып жарқырап тұрды. Ал өзі мұны білген де жоқ.
Мысырдан шығу 34:29
Біздің емес, уа, Жаратқан, тек Сенің атың.
Забур жырлары 113:9
Қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік?
Матай 25:37
Кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар!
Філіпілікт. хат 2:3
Себебі Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды.
Петірдің 1-хаты 5:5
Сонда Оның сыртқы түрі үш елшісінің көз алдарында өзгеріске түсті: бет-әлпеті күндей жарқырап, киімдері нұрланып аппақ сәуле шашты.
Матай 17:2
Жоғарғы кеңесте отырғандардың бәрі Степанға көз тігіп қарағанда, оның бет-жүзінің періштенікіне ұқсас екенін көрді.
Елшіл. істері 6:15
Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.
Жохан 17:22
Бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді.
Қорынттықт. 2-хат 3:18
Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар». Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды. Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі.
Матай 5:14–15
Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңда әрекет ететін Құдай Біреу.
Қорынттықт. 1-хат 12:6
Кейінірек Дәуіт філістірлермен бірге Саулға қарсы шайқасуға барған кезде Манаса руының кейбір адамдары Дәуіттің жағына өтті ... Мықты да батыл сарбаздар болған олар Дәуіттің жасағының басшылары ретінде қызмет атқарып, оған қарақшылар топтарына қарсы күресуге көмектесті.
Шежірелер 1-ж. 12:19, 21
Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді.
Қорынттықт. 1-хат 12:7
Исашар руынан: екі жүз басшы. Олар заманның ағымын және Исраилдің не істеуге тиіс екендігін түсінетін адамдар болатын.
Шежірелер 1-ж. 12:32
Кейбіреуге Киелі Рухтан даналық сөз, ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз беріледі.
Қорынттықт. 1-хат 12:8
Забулон руынан: қару-жарақтың бар түрімен жабдықталып, шайқасқа сап түзеп шығатын елу мың адам. Олар Дәуітті шын жүректен қолдап жүрді.
Шежірелер 1-ж. 12:33
Ол — екіойлы, барлық іс-әрекетінде тұрақсыз адам.
Жақыптың хаты 1:8
Ондағы мақсаты: денеде жікке бөліну болмай, бүкіл мүшелері өзара бірдей қамқорлық көрсетсін дегені. Сондықтан бір мүше ауырса, бәрі бірге ауырады, бір мүше дәріптелсе, соған барлығы да қуанады.
Қорынттықт. 1-хат 12:25–26
Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей.
Ефестікт. хат 4:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 3 қаз.
2009 ж. 2 қаз.
2009 ж. 1 қаз.
2009 ж. 30 қыр.
2009 ж. 29 қыр.
2009 ж. 28 қыр.
2009 ж. 27 қыр.

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…
Христиандық бірлік
Мәсіхтің аяқталған ісіне негізделген мәсіхшілердің бірлігі сенбейтін әлемге қалай күшті куәлік ететінін…
Шәкірттік
Исаның айқышқа керілуіне дейінгі шәкірттеріне берген соңғы нұсқауларын, соның ішінде қызмет, сүйіспеншілік…

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…
Мәңгілік
Уақыт пен мәңгіліктің терең айырмашылықтарын, Құдайдың мәңгілік сыйлықтарын және сенушілер үшін практикалық…
Дұға
Пауыл сенушілердің Құдайдың ұлы жоспарлары туралы даналық пен білім алуы үшін дұға етті. Мәсіх пен Шіркеуге…