2009 ж. 25 қаз.
Күнделікті нұр
Жаратқан Иеміз патшалық құрады.
Забур жырлары 98:1
Мені неге қастерлемейсіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Менің алдымда неге қорқып дірілдеп тұрмайсыңдар? Теңіздің шетін құм төбелермен шектеп көмкердім. Соларды теңіз ешқашан өте алмайтын шекара етіп қойдым. Толқындар қанша буырқанып, толқыса да, Мен белгілеп қойған шектерінен өте алмайды.
Еремия 5:22
Шығыс, батыс не айдаладан келген Ешкім басқаны жоғарылатпас шынымен, Себебі сотты Құдайдың Өзі жүргізеді, Ол біреуді түсіріп, басқаны көтереді.
Забур жырлары 74:7–8
Заман мен дәуір атаулыны өзгертеді, Әрі патшаларды тағайындап қояды, Ал кейін оларды орнынан алады, Ол даналарға тағы даналық қосады, Түсінігі барларға білім дарытады.
Даниял 2:21
Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар.
Матай 24:6
Бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
Матай 10:29–31
Сонымен әрқайсың жан дүниелеріңді таза сақтап жүріңдер!
Малахи 2:15
Сіздің атыңызбен адамдардың жындарын қуып шығарып жатқан біреуді көрдік. Оған тыйым салдық. Ол бізбен бірге Сізге еріп жүрген жоқ қой, — деді. Бірақ Иса Жоханға: — Оған тыйым салмаңдар! Сендерге қарсы болмағанның сендерге жақтас болғаны, — деп жауап берді. ... мақұл көрсеңіз, (Ілияс пайғамбар істегендей) көктен от түсіп, оларды жойсын деп бұйырайық, — деді. Бірақ Иса екі шәкіртіне бұрылып, оларға тыйым салды. Содан кейін олар басқа ауылға беттеді.
Лұқа 9:49–50, 54–55
Елдад пен Модад қоныста пайғамбар ретінде Құдайдың хабарын жеткізіп жатыр! — деді. Сонда жастайынан Мұсаға қызмет етіп келген Нұн ұлы Ешуа: — Мырзам, Мұсеке, оларды тоқтата көріңіз! — деді. Ал Мұса оған: — Сен менің қамымды жейсің бе? Жаратқан Ие өз халқының бәріне де Өзінің Рухын қондырып, олардың барлығының да пайғамбар болып кетуін тілеймін, — деп жауап қайырды.
Руларды санау 11:27–29
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Сонымен қатар Иса Мәсіхтікі болғандар айқыш ағашта өлген Онымен бірігіп кетті. Сол себептен олар өздерінің ескі күнәкар болмыстарын және соның азғын құмарлықтары мен тілектерін сол айқыш ағашқа шегелеп тастағандай таза өмір сүреді. Біз Киелі Рухтың арқасында жаңа өмірге ие болғандай, Оның жетекшілігімен өмір сүре берейік. Жеке басымызды қастерлеп, бір-бірімізді ашуландырып, күндеуге жол бермейік!
Ғалаттықт. хат 5:24–26
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 25 қаз.
2009 ж. 24 қаз.
2009 ж. 23 қаз.
2009 ж. 22 қаз.
2009 ж. 21 қаз.
2009 ж. 20 қаз.
2009 ж. 19 қаз.

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Мәсіх
Иса Мәсіхтің туылуын, өлімін, қайта тірілуін және Иеміздің Майланғаны ретіндегі мәңгілік билігін пайғамбарлық…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Құдайдың қорғауы
Құдайдың шексіз сүйіспеншілігі мен үздіксіз қамқорлығы сізді барлық зұлымдықтан, күндіз-түні, кез келген…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…