2009 ж. 12 жел.
Күнделікті нұр
Мәсіх Исаның сыйлайтын рақымымен күшейе бер.
Тімотеге 2-хат 2:1
Сендер Оның ұлы құдіретінен мол қуат алып.
Қолостықт. хат 1:11
Сендер Иеміз Мәсіх Исаны қалай қабылдаған болсаңдар, солай Онымен тығыз байланыста жүріңдер! Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!
Қолостықт. хат 2:6–7
Сонда олар «Жаратқан Иенің Өзі отырғызған мықты ағаштары» деп аталады, әрі Оның алдында ақталған, әділдік істеп, салтанатты ұлылығын паш ететін халқы болады.
Ишая 61:3
Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы» — Иса Мәсіхтің Өзі. Ол арқылы бүкіл рухани құрылыс (сенушілердің бәрі) біріктіріліп, Жаратқан Иеге бағышталған «киелі үй» болу үшін өсіп жатыр. Осылайша сендер Иса Мәсіхтің арқасында «Құдайдың тұратын мекені» ретінде бірге қаланасыңдар. Құдай оны Өзінің Киелі Рухы арқылы мекендейді.
Ефестікт. хат 2:20–22
Ал енді сендерді Құдайға және Оның рақымын білдіретін сөзіне аманаттаймын. Өздеріңді нығайтып, Өзіне бағышталған барлық адамдарымен бірге сендерге де уәде еткен жарылқауларын қиямет күні беруге Оның құдіреті жетеді.
Елшіл. істері 20:32
Иса Мәсіхтің көмегімен молынан әділ іс-әрекеттер жасап келген боласыңдар. Содан Құдайдың ұлылығы көрініп, мадақталмақ.
Філіпілікт. хат 1:11
Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан.
Тімотеге 1-хат 6:12
Қарсыластарынан еш қорықпайды» дегенді естігім келеді.
Філіпілікт. хат 1:28
Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың.
Забур жырлары 61:13
Себебі Құдай өз қауымының бірден-бір «негізі» ретінде Иса Мәсіхті белгілеп қойған, сондықтан ешқандай басқа негізді салуға болмайды. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылса да, жаны оттан өткендей әзер дегенде құтылады.
Қорынттықт. 1-хат 3:11, 14–15
Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.
Қорынттықт. 2-хат 5:10
Ал сендер қайыр бергенде, не істегендеріңді сырлас достарың да білмесін! Осылайша жасаған қайырымдылықтарың құпия болмақ. Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
Матай 6:3–4
Арада көп уақыт өткеннен кейін қызметшілердің қожайыны қайтып келіп, олардың есеп берулерін талап етеді.
Матай 25:19
Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.
Қорынттықт. 2-хат 3:5
Ал бізге, уа, Жаратқан, тыныштық бересің. Себебі өзіміздің қол жеткеніміздің Бәрі — нәтижесі Сенің істегендеріңнің.
Ишая 26:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 12 жел.
2009 ж. 11 жел.
2009 ж. 10 жел.
2009 ж. 9 жел.
2009 ж. 8 жел.
2009 ж. 7 жел.
2009 ж. 6 жел.

Рухани өсу
Киелі кітаптағы «жалаңаштықтың» әртүрлі мағыналарын ашыңыз, кінәсіздік пен жақындықтан ұят пен осалдыққа…

Киелі кітапты зерттеу
Христиан діни қызметкерлері мен мұғалімдері Киелі Жазбада айтылған белгілі бір тақырып немесе адам туралы…

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…