2009 ж. 9 жел.
Күнделікті нұр
Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды.
Жохан 10:29
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ.
Тімотеге 2-хат 4:18
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз. Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
Римдіктерге хат 8:37–39
Енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Қолостықт. хат 3:3
Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.
Жақыптың хаты 2:5
Лайым бізді сүйетін, әрі рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.
Салониқал. 2-хат 2:16–17
Яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға.
Жақыптың хаты 1:25
Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. ... Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы. Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар.
Жохан 8:32–34, 36
Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер! Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер! Бүкіл Таурат заңын орындау мына бір бұйрыққа саяды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»
Ғалаттықт. хат 5:1, 13–14
Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.
Римдіктерге хат 6:18
Мысалы, тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің тірісінде оны тастап кетсе, бұнысы неке заңына қарсы. Бірақ күйеуі өлсе, әйел оған қосқан заңның ықпалынан босайды.
Римдіктерге хат 7:2
Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.
Римдіктерге хат 8:2
Содан жүрісім де болады емін-еркін, Себебі бұйрықтарыңа бет бұрып келемін.
Забур жырлары 118:45
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 9 жел.
2009 ж. 8 жел.
2009 ж. 7 жел.
2009 ж. 6 жел.
2009 ж. 5 жел.
2009 ж. 4 жел.
2009 ж. 3 жел.

Кешірім
Мойындау мен кешірім туралы 1 Жохан 1:9-ды зерттеу, сонымен қатар Құдайға рухпен және шындықпен ғибадат…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…

Шәкірттік
Көптеген адамдардың мақсаты – өздеріне сенімді болуға, ұлы істерді атқаруға, кедергілерді жеңуге және өте…