2009 ж. 10 жел.
Күнделікті нұр
Істеріңе бола жұрттың Ізгі хабарды ғайбаттауына жол бермеңдер!
Римдіктерге хат 14:16
Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!
Салониқал. 1-хат 5:22
Иеміз алдында да, адамдар алдында да адал жүруге тырысамыз.
Қорынттықт. 2-хат 8:21
Құдай сендердің игілік істеулерің арқылы ақымақ адамдардың (сенушілер туралы) надан әңгімелерін тойтаруларыңды қалайды.
Петірдің 1-хаты 2:15
Алайда егер қайсыбіреулерің азап шексеңдер, бұл, әрине, кісі өлтіріп, ұрлық не өзге қылмыс жасаудың немесе басқаның шаруасына қол сұғудың зардабы болмауға тиіс! Ал мәсіхші болғандарыңа бола жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атымен аталғандарың үшін Құдайды мадақтаңдар.
Петірдің 1-хаты 4:15–16
Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!
Ғалаттықт. хат 5:13
Дегенмен байқаңдар, бұл еркіндіктерің сенімі әлсіздерді күнәға азғырмасын!
Қорынттықт. 1-хат 8:9
Ал кім Маған сенетін осы кішкенелердің біреуін азғырып теріс жолға түсірсе, сол адам үшін мойнына диірменнің тасы байланып, теңіздің тұңғиығына батырылғаны жақсырақ болар еді-ау!
Матай 18:6
Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
Матай 25:40
Сондықтан да былай деп айтылады: «Оян, ей, ұйқышыл, Рухани өлімнен тіріл! Мәсіх саған төгеді нұр».
Ефестікт. хат 5:14
Себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр.
Римдіктерге хат 13:11
Басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік! Себебі ұйықтайтындар түнде ұйықтайды, ішетіндер түнде ішеді. Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік!»
Салониқал. 1-хат 5:6–8
Орныңнан тұр, уа, Иерусалим, сәулеңді шаш! Сен нұрға бөленіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты үстіңнен көтеріліп келе жатыр. Міне, жер бетін қою қараңғылық жайлап, халықтарды қара түнек жауып алды. Бірақ сенің үстіңнен Жаратқан Иенің нұры жарқырап, Оның нұрлы салтанаты көрінеді.
Ишая 60:1–2
Сонымен, ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстауға бел буыңдар! Сергек болып, Иса Мәсіх салтанатпен қайтып келгенде көрсететін рақымға толығынан үміт артыңдар!
Петірдің 1-хаты 1:13
Белдерің буулы, шамдарың жағулы болсын! Сөйтіп сендер қожасының тойдан қайтуын күтіп тұрған қызметшілерге ұқсаңдар.
Лұқа 12:35–36
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 10 жел.
2009 ж. 9 жел.
2009 ж. 8 жел.
2009 ж. 7 жел.
2009 ж. 6 жел.
2009 ж. 5 жел.
2009 ж. 4 жел.

Рухани өсу
Киелі кітаптағы «жалаңаштықтың» әртүрлі мағыналарын ашыңыз, кінәсіздік пен жақындықтан ұят пен осалдыққа…

Құтқарылу
Римдіктерге 8 – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз. Құдай…

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…

Рухани сыйлар
Құдай сенушілерді бос жүруден аулақ болуға, рухани сыйлықтары мен таланттарын пайдалануға және Оған адал…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…