2010 ж. 29 қаң.
Күнделікті нұр
Тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де.
Еврейлерге хат 12:1–2
Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!
Лұқа 9:23
Сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай Менің шәкіртім бола алмайсыңдар.
Лұқа 14:33
Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:12
Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»! Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін, тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.
Қорынттықт. 1-хат 9:25, 27
Бауырластарым, мен бұл мақсатқа жеттім деп санамаймын. Істеп жүргенім бір-ақ нәрсе: өткен нәрселерді ескермей, алдымдағы бәйгеге қарай жан сала жүгіріп келемін. Құдайдың сыйына — Оның Мәсіх Иса арқылы шақырған көктегі өміріне ие болу үшін көздеген мақсатты қуып жүрмін.
Філіпілікт. хат 3:13–14
Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық!
Ошия 6:3
Жас кезінен Тәңірге мойынсұнып жүргені Адам баласы үшін сондай игілікті!
Жоқтау 3:27
Баланы жастан салсаң тура жолға, Есейгенде ол содан таймайды да.
Нақыл сөздер 22:6
Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнуымыз керек емес пе? Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді.
Еврейлерге хат 12:9–10
Мен азап шекпес бұрын жолдан адасқан едім, Ал енді Сенің сөзіңді сақтап жүремін. Үйренуім үшін жарлықтарыңды, Азап шеккенім маған жақсы болды.
Забур жырлары 118:67, 71
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Еремия 29:11
Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
Петірдің 1-хаты 5:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 29 қаң.
2010 ж. 28 қаң.
2010 ж. 27 қаң.
2010 ж. 26 қаң.
2010 ж. 25 қаң.
2010 ж. 24 қаң.
2010 ж. 23 қаң.

Мейірім
Құдайдың тегін мейірімі мен шәкірттікке шақырудың ерекше, бірақ өзара байланысты ұғымдарын зерттеңіз.

Шәкірттік
Мәсіхтің өзіңнен бас тартып, күнделікті Оған еру шақыруын қабылда. Өмірдің қиындықтарында Оның сүйіспеншілігі…
Иса Мәсіх
Ескі Өсиетте «жұлдыз» сөзі билеушіні білдіру үшін ауыспалы мағынада қолданылады. Жаңа Өсиетте «Таң жұлдызы»…

Отбасы
Дұға, киелі кітаптық оқыту және сүйіспеншілік билігі арқылы Мәсіхке негізделген отбасын қалай құруға…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…
Тәртіп
Құдайдың Өз балаларын Өз Сөзі, жағдайлар және тәртіп арқылы қалай тәрбиелейтінін біліңіз. Оның өміріңіздегі…