2010 ж. 10 ақп.
Күнделікті нұр
Содан соң Жаратқан Иені терең қастерлеушілер өзара сөйлесіп, Жаратқан Ие оларды ден қойып тыңдады. Сонда бұлар туралы Оның алдындағы естелік кітапқа жазылды. Сол кітапқа Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның есімін құрметтейтіндер тіркелген.
Малахи 3:16
Олар өзара сөйлесіп, пікір алысып бара жатқанда, Исаның Өзі жақындап келіп, екеуіне қосылды.
Лұқа 24:15
Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.
Матай 18:20
Солардың есімдері көктегі Мәңгілік өмір кітабына жазылып қойылған.
Філіпілікт. хат 4:3
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Қолостықт. хат 3:16
Бірде-біреуің күнәнің кесірінен алданып, қасарысып кетпеу үшін, әлі де «бүгін» деген мерзім бітпей тұрғанда, күн сайын өзара дем берісіп отырыңдар!
Еврейлерге хат 3:13
Адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді. Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар.
Матай 12:36–37
Біліп алыңдар, көз алдымда: «Мен үндемей қалмаймын, еселерін толықтай қайтарамын!»
Ишая 65:6
Суға қанығады Жаратқанның ағаштары.
Забур жырлары 103:16
Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді. Исраилдің жас өркендері кең жайылып өседі. Ол зәйтүн ағашындай көрікті, ал хош иісі Ливан самырсынының жұпарындай болады.
Ошия 14:6–7
Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты! Ол судың жағасында өсіп тұрған, тамырларын өзенге қарай созған ағашқа ұқсайды. Аптап ыстық келсе де, еш қауіптенбей, жапырақтары да әрдайым жасыл болады. Қуаңшылық жылы да алаңдамайды, ешқашан жеміс бермей қалмайды.
Еремия 17:7–8
Биік ағашты құлатып, аласа ағашты биік қылып өсіретінімді, әрі жасыл ағашты қуратып, қураған ағашты көгертетінімді білетін болады. Бұны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, сонымды орындаймын да!
Езекиел 17:24
Әділ жан құрма ағашындай өркендейді, Ливандық самырсындай өсіп биіктейді, Жаратқанның үйінде ол тамыр жаяды, Құдайымыздың ауласында құлпырады, Жасы ұлғайса да, жемісін береді, Шырынды, ширақ болып қала береді.
Забур жырлары 91:13–15
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 10 ақп.
2010 ж. 9 ақп.
2010 ж. 8 ақп.
2010 ж. 7 ақп.
2010 ж. 6 ақп.
2010 ж. 5 ақп.
2010 ж. 4 ақп.

Құтқарылу
Исаның есіміндегі терең күшті ашыңыз: құтқарылу, мәңгілік өмір, кешірім, дұғаға жауап және зұлымдыққа қарсы…

Жақып
Киелі кітаптың бірінші кітабы – Жаратылыстың жартысы Жақыппен байланысты. Нұхтың топан суынан бірнеше ғасыр…
Дұға
Малахи 3:16 Құдайдың Өзінен қорыққандардың әңгімелерін тыңдайтынын көрсетеді. Адал сөйлесу мен тікелей…
Қауым басшылығы
Жаңа Өсиет бұл сөздерді мұқият қолданып, оларға жаңа және жиі қарама-қайшы мағына береді. Киелі кітаптағы…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…