2010 ж. 12 ақп.
Күнделікті нұр
Ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды.
Езекиел 1:26
Адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.
Тімотеге 1-хат 2:5
Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды.
Філіпілікт. хат 2:7–8
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды.
Еврейлерге хат 2:14
Әрі Мәңгі Тірімін. Мен өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін.
Аян 1:18
Себебі өлімнен тірілген Мәсіх енді қайтып өлмейді, бұдан былай өлім Оған билігін жүргізе алмайды, мұны білеміз. Мәсіх өлгенде күнәға біржола жоқ болды, енді Ол Құдайдың құрметі үшін өмір сүреді.
Римдіктерге хат 6:9–10
Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің бұрын болған сол жеріме көтерілгенімді көрген кездеріңде не айтпақсыңдар?
Жохан 6:62
Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!
Қолостықт. хат 2:9
Кезінде Мәсіх өз құдіретінен бас тартып, айқышқа шегеленіп өлсе де, қазір Құдайдың құдіретімен тірі! Онымен тығыз байланыстағы біз де күшсізбіз, алайда сендерге әрекет жасағанда Құдайдың құдіреті арқылы Мәсіхпен бірге тіріміз!
Қорынттықт. 2-хат 13:4
Бұл мені жапа шеккенде жұбатады.
Забур жырлары 118:50
Алғашқы адам — Адам ата «осылай тірі жан болып шыға келді», ал «Соңғы Адам» (Мәсіх) — мәңгілік өмір беретін Рух.
Қорынттықт. 1-хат 15:45
Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады.
Жохан 5:26
Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді.
Жохан 11:25–26
Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.
Жохан 1:4, 12–13
Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.
Жохан 6:63
Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды.
Еврейлерге хат 4:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 12 ақп.
2010 ж. 11 ақп.
2010 ж. 10 ақп.
2010 ж. 9 ақп.
2010 ж. 8 ақп.
2010 ж. 7 ақп.
2010 ж. 6 ақп.

Христология
Біздің тамаша Киелі кітабымыздағы соңғы кітап былай басталады: «Иса Мәсіхтің аяны, оны Құдай Өзінің…

Қайта тірілу
Иса Мәсіхтің қайта тірілуі христиандықтың орталығы болып табылады, ол барлық Құдайлық баталардың негізін…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…