2010 ж. 18 ақп.
Күнделікті нұр
Себебі Жаратушы даналық сыйлар, Білім мен түсінік Оның аузынан шығар.
Нақыл сөздер 2:6
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
Нақыл сөздер 3:5
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5
Адамдар «ақымақтық» дейтін Құдайдың құтқару жолы пенденің даналығынан әлдеқайда жоғары және Құдайдың «әлсіздігі» (яғни Мәсіхтің айқышта жанын қиюы) пенденің күш-қуатынан әлдеқайда күшті.
Қорынттықт. 1-хат 1:25
Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. ... Осылайша Құдайдың алдында ешкімнің де мақтануына болмайды.
Қорынттықт. 1-хат 1:27, 29
Мәнісі ашылғанда сөздерің нұрын шашады, Білімсіздердің де санасын оятып ашады.
Забур жырлары 118:130
Күнә жасамауым үшін Саған қарсы, Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды.
Забур жырлары 118:11
Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды. Бұдан кейін олар: — Мынау Жүсіптің Баласы емес пе?
Лұқа 4:22
Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес! — деді.
Жохан 7:46
Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды.
Қорынттықт. 1-хат 1:30
Арамза жауларыма жазаларын тартқызатын мезгіл жетті деп ұйғардым.
Ишая 63:4
Елуінші жылды Құдайға ерекше бағышталған деп қастерлеңдер! Сонда елдің барлық тұрғындарына бостандық жариялаңдар! Бұл жыл — сендерге арналған Мереке жылы. Әрқайсыларың өз руларыңа, ата-бабаларыңнан қалған мұралық жерлеріңе қайтып келіп, оны иемденіңдер.
Леуіліктер 25:10
Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек. Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! Сендер таңғы шықпен суартылған өсімдіктей өсіп-өнесіңдер. Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ.
Ишая 26:19
Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз.
Салониқал. 1-хат 4:16–17
Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің?
Ошия 13:14
Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі».
Еремия 50:34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 18 ақп.
2010 ж. 17 ақп.
2010 ж. 16 ақп.
2010 ж. 15 ақп.
2010 ж. 14 ақп.
2010 ж. 13 ақп.
2010 ж. 12 ақп.

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Қайғы
Әйүптің өлімді жеңуі және Құдайдың сынақтар арқылы көрсеткен нәзік мейірімі туралы ежелгі куәлігін зерттеңіз…

Сенім
Киелі кітап бізге біз сияқты адамдар туралы көптеген әңгімелер береді. Отниэл Халебтің інісі Кеназдың ұлы…

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхке қызмет етудің шынайы уәждерін, қызмет етудің тиімді әдістерін және адал қызметтің, әсіресе балалар…

Шәкірттік
Көптеген адамдардың мақсаты – өздеріне сенімді болуға, ұлы істерді атқаруға, кедергілерді жеңуге және өте…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…