2010 ж. 14 ақп.
Күнделікті нұр
Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдім.
Нақыл сөздер 20:9
Жаратқан Ие көктен көз салады адамзатқа: «Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?» Деп байқайды Ол. Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға, Әбден бұзылды бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
Забур жырлары 13:2–3
Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Римдіктерге хат 8:8
Сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ. Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын.
Римдіктерге хат 7:18–19
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
Ишая 64:6
Алайда Киелі жазбалар бүкіл адамзаттың күнәнің тұтқынында екенін мәлімдейді. Ондағы мақсат — Иса Мәсіхке сену арқылы табыс етілетін уәделі сыйдың (яғни күнәдан ақталудың) тек сенетіндерге ғана берілуі.
Ғалаттықт. хат 3:22
Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай.
Қорынттықт. 2-хат 5:19
Егер «күнәсізбіз» десек, онда өзімізді алдап, бізде шындықтың болмағаны. Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:8–9
Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді.
Забур жырлары 92:3
Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі, Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!
Забур жырлары 92:4
Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі, Саған ұқсас кім бар, сондай құдіретті? Адалдығың жан-жақтан қоршайды Сені. Уа, Ием, буырқанған теңізге билік айтасың, Көтерілген толқындарын тыншытасың.
Забур жырлары 88:9–10
Мені неге қастерлемейсіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Менің алдымда неге қорқып дірілдеп тұрмайсыңдар? Теңіздің шетін құм төбелермен шектеп көмкердім.
Еремия 5:22
Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің.
Ишая 43:2
Су үстімен Исаға қарай беттеді. Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да: — Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп: — Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.
Матай 14:29–31
Қорыққанда Саған артам сенімімді.
Забур жырлары 55:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 14 ақп.
2010 ж. 13 ақп.
2010 ж. 12 ақп.
2010 ж. 11 ақп.
2010 ж. 10 ақп.
2010 ж. 9 ақп.
2010 ж. 8 ақп.

Әділдік
Әділдік жемісін зерттеңіз: оның қасиетті табиғаты, оның бейбітшілікте қалай себілетіні, Құдайдың жазалауы…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Рухани өсу
Жаңа сенушілер кездесетін қиындықтарды, соның ішінде ішкі күрестерді және ішіндегі екі табиғаттың ашылуын…

Құтқарылу
Римдіктерге 8 – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз. Құдай…

Киелі Рух
Римдіктерге 8:1 – бұл абсолютті ақиқат мәлімдемесі: «Енді Мәсіх Исаның оң қолында болғандарға ешқандай…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…