2010 ж. 19 ақп.
Күнделікті нұр
Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады.
Ишая 53:11
Енді түгел орындалды! — деді де, басын иіп, жан тапсырды.
Жохан 19:30
Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.
Қорынттықт. 2-хат 5:21
Өзім үшін жаратқан халқым Менің Ұлылығымды мақтап жариялайды.
Ишая 43:21
Құдайдың мұндағы ниеті — Өзінің жан-жақты даналығын көзге көрінбейтін дүниедегі билеушілер мен өктемдік иелеріне енді сенушілер қауымы арқылы ашып мәлім қылуы. Бұл Құдайдың Иеміз Мәсіх Иса арқылы іске асырған мәңгілік мақсатына сәйкес еді.
Ефестікт. хат 3:10–11
Осылайша Ол бізге Мәсіх Исаның арқасында мейіріммен қарап, болашақ дәуірлерде Өзінің ағыл-тегіл мол рақымын көрсетпек.
Ефестікт. хат 2:7
Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі. Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз. Осылай Тәңір Иенің керемет ұлылығы мадақталмақ.
Ефестікт. хат 1:13–14
Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:9
Қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!
Еврейлерге хат 3:8
Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де. Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді. Сонда құмарлыққа берілсе, сол күнәні тудырады.
Жақыптың хаты 1:13–15
Айдалада құмарлықтарына салынды, Құла түзде Құдайды еркінсіп сынады.
Забур жырлары 105:14
Киелі Рухқа кенелген Иса Иорданнан қайтқанда, Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Сол жерде әзәзіл шайтан Оны қырық күн бойы сынады. Иса сол күндері нәр татпай, осы мерзім аяқталғанда әбден ашықты. Сонда әзәзіл шайтан Оған: — Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыра гөр, — деді.
Лұқа 4:1–3
Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:18
Шимон, Шимон, сақ бол! Жұрттың бидайды қауызынан ажырататыны сияқты, әзәзіл шайтанға да сендерді сынақтан өткізуге жол берілді. Бірақ Мен сенімің таусылмасын деп сен үшін мінажат еттім.
Лұқа 22:31–32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 19 ақп.
2010 ж. 18 ақп.
2010 ж. 17 ақп.
2010 ж. 16 ақп.
2010 ж. 15 ақп.
2010 ж. 14 ақп.
2010 ж. 13 ақп.

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Сенушілердің діни қызметі
Мәсіхшілердің үш құрбандығын ашыңыз: мадақтау, басқаларға қызмет ету және денеңізді тірі құрбандық ретінде…

Иса Мәсіх
Шомылдыру рәсімін жасаушы Жохан Исаны жақсы білген болуы керек. Олар аналары арқылы екінші немере…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жанқиярлық
Жек көрінішті сараң Марсельді сумен қамтамасыз етті. Оның құрбандығы Исаның барлық сенушілерге мәңгілік өмір…

Иса Мәсіх
Рождестволық ашықхаттар жылы, жайлы жарқыраған қорадағы ақырда жатқан баланы бейнелейді. Шындық мүлдем…