2010 ж. 17 нау.
Күнделікті нұр
Ұдайы аспанға қарап талды көзім.
Ишая 38:14
Әлсізбін, о, Ием, рақымды бола гөр, Дірілдеген денемді сауықтыра гөр. Жан дүнием қатты арпалысады, Жол бересің, уа, Ием, бұған қашанғы? Я, Ием, қайтып, жанымды құтқара гөр, Берік рақымыңмен аман сақтай гөр.
Забур жырлары 6:3–5
Жүрегім қинала дірілдейді, Өлімнің қорқынышы тап береді. Үрей мен қалтырау басып алады, Қорқыныш билейді тұла бойымды. Сонда мен тілек тілеп былай дедім: «Кептердің қанаттарын маған берер кім, Бұл жерден ұшып кетіп, тыншыр едім.
Забур жырлары 54:5–7
Құдайдың еркін орындап.
Еврейлерге хат 10:36
Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт қастарында пайда болды да, оларға тіл қатып: «Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді.
Елшіл. істері 1:10–11
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз.
Філіпілікт. хат 3:20
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.
Титке хат 2:13
Маңдайларында Оның есімі жазылып тұрмақ.
Аян 22:4
Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін.
Жохан 10:14
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Тімотеге 2-хат 2:19
Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.
Нақұм 1:7
«Біз Құдайымыздың қызметшілерінің маңдайына таңба салып болмайынша, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешбір зақым келтірмеңдер!» — деп бұйырды.
Аян 7:3
Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі. Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де.
Ефестікт. хат 1:13–14
Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп, тағайындаған — Құдайдың Өзі: Ол бізге өз иелігінің «таңбасын басып», берген уәделерінің орындалуының кепілі ретінде Киелі Рухын жүректерімізге орнықтырды.
Қорынттықт. 2-хат 1:21–22
Ол содан ешқашан шықпайтын болады. Сол жеңімпазға Құдайымның атын әрі Оның қаласының атын, яғни көктен, Оның қасынан түсетін жаңа Иерусалимнің атын, және Өзімнің жаңа атымды да жазамын.
Аян 3:12
Сонда қаланың аты «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ.
Еремия 33:16
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 17 нау.
2010 ж. 16 нау.
2010 ж. 15 нау.
2010 ж. 14 нау.
2010 ж. 13 нау.
2010 ж. 12 нау.
2010 ж. 11 нау.

Құтқарылу
Бұл мақала құтқарылу, таңдау, қасиеттену және сенушінің Мәсіхтегі өмірін қоса алғанда, христиандықтың іргелі…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Рухани өсу
Асафтың түсініксіздігі Құдайдың киелі орнында қалай тыныштыққа айналғанын зерттеңіз және Жаңа Өсиетте…

Жанқиярлық
Жек көрінішті сараң Марсельді сумен қамтамасыз етті. Оның құрбандығы Исаның барлық сенушілерге мәңгілік өмір…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…
Иса Мәсіх
Ескі Өсиетте «жұлдыз» сөзі билеушіні білдіру үшін ауыспалы мағынада қолданылады. Жаңа Өсиетте «Таң жұлдызы»…