2010 ж. 18 нау.
Күнделікті нұр
Сондықтан Құдай Өзінің Қызметшісін өлімнен тірілтіп алып, әрқайсыңды зұлымдықтарыңнан қайтарып, жарылқау мақсатында Оны ең алдымен сендерге жіберді.
Елшіл. істері 3:26
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізге зор мейірім көрсетіп, рухани қайта туғызып жаңа өмір сыйлады және Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтуімен бізді тірі үмітке кенелтті.
Петірдің 1-хаты 1:3
Енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы толықтай құтқарылатынымыз сөзсіз!
Римдіктерге хат 5:10
Ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады. Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:13–14
Өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде Оған бағышталған қасиетті болыңдар! Тауратта Оның былай дегені бар ғой: «Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар!»
Петірдің 1-хаты 1:15–16
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізді Мәсіх арқылы жарылқап, көктегі әр қилы рухани игіліктерді сыйлады.
Ефестікт. хат 1:3
Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады! Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар.
Қолостықт. хат 2:9–10
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Шаршап-шалдыққам, Уәдеңе сәйкес күш сыйлай гөр маған.
Забур жырлары 118:28
Ескере гөр пендеңе берген уәдеңді, Өзің қалайсың соған үміттенуімді.
Забур жырлары 118:49
Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім!
Ишая 38:14
Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
Лұқа 21:33
Шын жүректен, бар жан дүниелеріңмен мынаны мойындауларың керек: Құдай Иелеріңнің өздеріңе берген барлық игілікті уәделерінің біреуі қалмастан бәрі жүзеге асты. Оның бір сөзі де орындаусыз қалған жоқ.
Ешуа 23:14
Аман-есен, күшті де батыл бол! — Ол маған осылай айтып тұрған кезде күш-қуатым артып, оған былай дедім: — Мырзам, сіз маған күш-қуат дарытқандықтан, айтпақ болғандарыңызды айта беріңіз!
Даниял 10:19
Дегенмен енді нығайып батыл бол ... Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — Әлемнің Иесі осы уәдені береді.
Хаққай 2:4
Билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі.
Зәкәрия 4:6
Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Ефестікт. хат 6:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 18 нау.
2010 ж. 17 нау.
2010 ж. 16 нау.
2010 ж. 15 нау.
2010 ж. 14 нау.
2010 ж. 13 нау.
2010 ж. 12 нау.

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…
Құдайдың адам болып келуі
Жохан Інжіліндегі «Сөз етке айналды» деген терең мағынаны зерттеңіз, Мәсіхті тірі Сөз ретінде Киелі кітаптан…
Сенім
Мәсіхшілер үшін Құдай туралы мұқият ойлану және олардың Мәсіхті құрметтейтін өмір сүруге шақырылғанын есте…
Қайғы
Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…
Сенім
Авраам Линкольн, Базз Олдрин және Мэттью Моридің Киелі кітап шындықтарын оқу және қолдану арқылы қалай ортақ…