2010 ж. 4 сәу.
Күнделікті нұр
Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 32:26
Әйтпесе солар Мені паналасын, Менімен бітімге келіп, татулассын, Осылай Өзіммен ынтымақта болсын!
Ишая 27:5
Сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді.
Матай 15:28
Деп, көздеріне саусағын тигізді.
Матай 9:29
Тек шүбәланбай, сеніммен Құдайдан сұрауларың керек. Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас. Мұндай кісі Жаратқан Иеден бір нәрсе аламын деп күтпесін.
Жақыптың хаты 1:6–7
Олар бара жатқан ауылға жақындағанда, Иса тоқтамай жүре беретін сыңай танытты. Бірақ екі шәкірт: — Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды ... Бірақ Ол кенеттен көздеріне көрінбей қалды. Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті.
Лұқа 24:28–29, 31–32
(бізді жүргізетін) өз жолдарыңды білдіре гөр. Сонда мен Өзіңмен тығыз байланыста тұрамын, келешекте де Сенің рақымың маған түсетін болады. ... Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.
Мысырдан шығу 33:13–14
Бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де.
Еврейлерге хат 12:2
Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді.
Аян 1:8
Кім бұларды жоспарлап, жүзеге асырады? Кім болашақ дәуірлерді алдын ала жариялайды? Мұны істеуші Мен, Жаратқан Иемін! Алғашқы да, Соңғы да Өзіммін!
Ишая 41:4
Тыныштықты сыйлайтын Құдай сендерді Өзіне толықтай бағышталдырып, қасиетті өмір сүргізсін. Иеміз Иса Мәсіх қайтып келгенде мінсіз болуларың үшін рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын. Сендерді шақырған Құдай сенімді, Ол бұларды жүзеге асырады да.
Салониқал. 1-хат 5:23–24
Мәсіх Иса қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін.
Філіпілікт. хат 1:6
Сондай түйсіксіз бе едіңдер: рухани өмірді Киелі Рухпен бастап, өз күштеріңмен кемелденбек екенсіңдер ғой?
Ғалаттықт. хат 3:3
Осыны істейді мен үшін Жаратқан, Рақымың.
Забур жырлары 137:8
Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 4 сәу.
2010 ж. 3 сәу.
2010 ж. 2 сәу.
2010 ж. 1 сәу.
2010 ж. 31 нау.
2010 ж. 30 нау.
2010 ж. 29 нау.
Миссиялар
Миссионердің хаты зайырлы жұмыс іздеушілер мен Африкада Құдайға қызмет етуге дайын адамдар арасындағы айқын…
Көшбасшылық
Екінші Шежірелер 36-тарау Иерусалимнің жау қолына түскенін сипаттайды. Нехемия осы тұтқындардың ұрпақтарының…
Дұға
Құдайдың дұғаға жауаптары жиі күтпеген жолдармен келеді, кейде проблемалар немесе қиындықтар ретінде көрінеді.
Рухани өсу
Нехемия Бабылдағы кәсібін: «Мен патшаның тостаған ұстаушысы едім» (1:11) деп жазды. Бұл бізге сол адам туралы…
Шәкірттік
Иса 12 жаста болғанда, ата-анасы Пасха мерекесінен кейін үйге қайтып бара жатқанда, Ол ғибадатханадағы…
Пайғамбарлық
Технологияның жетілуімен метеорологтар ауа райын болжауда шеберлікке жетті. Бірақ, керісінше, жер…