2010 ж. 28 мам.
Күнделікті нұр
Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады.
Леуіліктер 17:11
Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды.
Жохан 1:29
Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды.
Аян 7:14
Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі.
Петірдің 1-хаты 1:19
Қан төгілмей, Құдай күнәні кешірмейді.
Еврейлерге хат 9:22
Онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7
Өзінің құрбан болған кезінде төгілген қанын осы киелі үйдің ең қасиетті бөліміне біржола алып кірді. Осылайша Ол бізді күнәмізден арылтып, мәңгілік азат етті.
Еврейлерге хат 9:12
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық.
Еврейлерге хат 10:19–20, 22
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:20
Сонда мен тілек тілеп былай дедім: «Кептердің қанаттарын маған берер кім, Бұл жерден ұшып кетіп, тыншыр едім.
Забур жырлары 54:7
Күн көтерілгеннен кейін Құдай күншығыстан аңызақ жел соққызды. Басын күйдірген күннің аптабынан Жүніс әлсіреп қалды. Ол өлім тілеп: «Маған тірі жүргенше өлген артық!» — деп налыды.
Жүніс 4:8
Дауыстап былай деді: Ендеше азап шегіп жүргенге нұр, жаны қиналып жатқанға өмір неге ғана беріледі екен? Мұндайлар ажалды зарыға күтеді, оны көмілген қазынадан бетер іздейді, әйтсе де ажал оларға жоламайды.
Әйүп 3:2, 20–21
Әділ жан қиындықты көп көреді, Ал Иеміз оны бәрінен азат етеді.
Забур жырлары 33:20
Қазір көңілім қатты толқу үстінде. Мен не айтайын: «Әке, Мені осы күннен құтқара гөр» дейін бе?
Жохан 12:27
Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 28 мам.
2010 ж. 27 мам.
2010 ж. 26 мам.
2010 ж. 25 мам.
2010 ж. 24 мам.
2010 ж. 23 мам.
2010 ж. 22 мам.

Сенім
Киелі кітапта сенімдегі, қандағы және уәделердегі "қымбатты" дегеннің нені білдіретінін зерттеңіз. Сынақтар…

Құтқарылу
Кішкентай қыз өліп бара жатқан анасына құтқарылу табуға көмектесу үшін уағызшы іздейді. Әйел де, уағызшы да…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…