2010 ж. 23 мам.
Күнделікті нұр
Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар! Онымен «таңбаландыңдар»: өмірлеріңнен орын алған Киелі Рух — бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің кепілі.
Ефестікт. хат 4:30
Сендерден Иеміз Иса Мәсіхтің атымен және Киелі Рухтың сүйіспеншілігімен өтінемін.
Римдіктерге хат 15:30
Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың.
Жохан 14:26
Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген. Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді, Киелі Рухын қатты ренжіте берді. Сондықтан Тәңір оның жауына айналды, Халқына қарсы Өзі күреске шықты.
Ишая 63:9–10
Құдай бізге Өзінің Рухын сыйлады. Біздің Онымен, Оның бізбен тығыз байланыста екендігімізді осыдан білеміз.
Жоханның 1-хаты 4:13
Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі. Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз.
Ефестікт. хат 1:13–14
Ал мен былай деймін: Киелі Рухтың күші мен жетегінде өмір сүріңдер, сонда ескі күнәкар болмыстарыңның қалауы іске аспайды. Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар.
Ғалаттықт. хат 5:16–17
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды.
Римдіктерге хат 8:26
Олар ауыр кінәларын мойындап, алдыма келіп еркімді сұрамайынша.
Ошия 5:15
Өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды.
Ишая 59:2
Сүйіктім жоқ екен, Кері бұрылып, кетіп қалған екен! ... Іздеп шықсам да, таппадым еш жақтан! Шақырсам да, жауап бермеді маған.
Таңдаулы ән 5:6
Одан бетімді жасырдым. Алайда халқым Менен бас тартуын доғармай, өз жүрек қалауымен жүре берді. Мен жүрген жолдарын анық көрсем де.
Ишая 57:17–18
Өзіңді ізгі жолмен жетелеп келген Құдай Иеңнен безіп, осы пәлелердің бәрін өз басыңа өзің тілеп алған жоқсың ба?
Еремия 2:17
Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Лұқа 15:20
Мен оларды опасыз мінездерінен сауықтырып, өз мейіріміме сәйкес жақсы көремін. Себебі оларға деген қаһарым қайтты.
Ошия 14:5
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 23 мам.
2010 ж. 22 мам.
2010 ж. 21 мам.
2010 ж. 20 мам.
2010 ж. 19 мам.
2010 ж. 18 мам.
2010 ж. 17 мам.

Ажырату
Қазіргі кедергілер Құдайдың Өз шіркеуін тәубеге шақыратын дауысы болуы мүмкін бе? Біздің рухани жағдайымызды…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Иса Мәсіх
Періште оларға: «Қорықпаңдар, өйткені, міне, мен сендерге барлық адамдарға болатын үлкен қуанышты хабар…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…