2010 ж. 22 мау.
Күнделікті нұр
Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух.
Жохан 14:16–17
Менің кететінім сендер үшін жақсы! Себебі Мен кетпесем, сендерге Қамқоршыларың (Құдай Рухы) келмейді; ал Мен барған соң, Оны сендерге жіберемін.
Жохан 16:7
Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.
Римдіктерге хат 8:16
Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз.
Римдіктерге хат 8:15
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді.
Римдіктерге хат 8:26
Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың құдіретімен үміттерің молая түссін!
Римдіктерге хат 15:13
Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге хат 5:5
Құдай бізге Өзінің Рухын сыйлады. Біздің Онымен, Оның бізбен тығыз байланыста екендігімізді осыдан білеміз.
Жоханның 1-хаты 4:13
Саған жақсы болу үшін жайлы баспана тауып берсем, қалай болар еді? — деп құлақ қағыс етті.
Рут 3:1
Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар.
Еврейлерге хат 4:9
Сонда Менің халқым тыныш мекендерде тұрып, үйлері қауіпсіз әрі жанға жайлы болады.
Ишая 32:18
Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан.
Әйүп 3:17
Олар өздерінің ауыр еңбегінен кейінгі демалыстың рақатын көрмек.
Аян 14:13
Сол жерге Исаның Өзі кіріп, осы арқылы бізге де сонда кіруге жол ашты. Себебі Иса — Мәліксадық сияқты тағайындалған мәңгілік Бас діни қызметкеріміз.
Еврейлерге хат 6:20
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім.
Матай 11:28–30
Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын.
Ишая 30:15
(Дәуіттің жыры.) Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын. Ол мені жасыл жайлауға жаяды, Тұнық суға жетелеп апарады.
Забур жырлары 22:1–2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 22 мау.
2010 ж. 21 мау.
2010 ж. 20 мау.
2010 ж. 19 мау.
2010 ж. 18 мау.
2010 ж. 17 мау.
2010 ж. 16 мау.

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Қайғы
Христиандардың неге қиыншылықта мақтана алатынын біліңіз. Құдайдың тазартатын сүйіспеншілігі арқылы…

Жұмақ
Христиан өлгенде, олар Иемізбен бірге болады, бақсылардың қолы жетпейтін жерде. Ендордағы бақсы туралы оқиға…

Иса Мәсіх
Исаның айтқан төрт арамей тіліндегі сөз тіркестерін — Талита куми, Еффата, Әбба және Элои — зерттеңіз, олар…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…