Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2012 ж. 4 шілде, сәрсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Исаның жақсы көретін шәкірті дастарқан басында Оның қасында жантайып жатушы еді.

Жохан 13:23

Шешесінің бөбегін жұбатқанындай, Мен де сендерді жұбатпақпын. Иерусалимде жұбаныш табасыңдар.

Ишая 66:13

Адамдар Исаға балаларын алып келіп, Одан соларға қолын тигізіп бата беруін өтінді. Бірақ шәкірттері (Исаны мазалағандары үшін) оларды сөкті.

Марқа 10:13

Содан Иса балаларды құшақтап, үстеріне қолын қойып бата берді.

Марқа 10:16

Кейінірек Иса шәкірттерін қасына шақырып: — Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады. Оларды аш күйлерінде қайтарып жібергім келмейді: жолшыбай әлсіреп, құлап қалар, — деді.

Матай 15:32

Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.

Еврейлерге хат 4:15

Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген.

Ишая 63:9

Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.

Жохан 14:18

— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!

Ишая 49:15

Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.

Аян 7:17

Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх. Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.

Жоханның 1-хаты 2:1–2

Олар перғауыннан шығып келе жатқанда өздерін күтіп тұрған Мұса мен Һаронға жолығып: «Жаратқан Ие сендерге назар салып, үкімін шығарсын! Өйткені сендер бізді перғауын мен оның нөкерлерінің алдында сасық нәрседей жиренішті еттіңдер! Көзімізді құрту үшін олардың қолдарына қару ұстатып қойдыңдар!» — деп бұларға кінә артты. Содан Мұса қайтадан Жаратқан Иеге сиынып: — Уа, Ием, бұл халықты осыншама азапқа неліктен душар еттің? Мені не үшін жібердің?

Мысырдан шығу 5:20–22

Өзің жаратқан күллі ұлттар алдыңа келеді, Есіміңді ардақтап бастарын иеді. Себебі Сен ұлысың, ғажап істер жасайсың, Уа, Жаратқан Ие, жалғыз Өзің Құдайсың!

Забур жырлары 85:9–10

бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды. Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді.

Римдіктерге хат 3:23–25

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2012 ж. 3 шіл.

    Римдіктерге хат 8:17 · Ғалаттықт. хат 3:29

  • 2012 ж. 2 шіл.

    Мысырдан шығу 12:43 · Еврейлерге хат 13:10

  • 2012 ж. 1 шіл.

    Ғалаттықт. хат 5:22 · Ефестікт. хат 5:1

  • 2012 ж. 30 мау.

    Аян 3:19 · Еврейлерге хат 12:5–6

  • 2012 ж. 29 мау.

    Жоханның 1-хаты 5:3 · Жохан 6:40

  • 2012 ж. 28 мау.

    Әйүп 19:25 · Римдіктерге хат 5:10

  • 2012 ж. 27 мау.

    Аян 6:17 · Малахи 3:2

Ұқсас мақалалар

  • Егер біз осындай ұлы құтқаруды елемесек, қалай құтыламыз?

    Құтқарылу

    Осыншама ұлы құтқаруды елемесек, қалай құтыламыз?

    Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

    2026 ж. 9 мау.·Белгісіз
  • Иса шынымен Құдай ма? Мәсіхтің Құдайлығы туралы Киелі кітап дәлелдері

    Иса Мәсіх

    Иса шынымен Құдай ма? Мәсіхтің Құдайлығына қатысты Киелі Жазба дәлелдері

    Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

    2024 ж. 23 там.·Даг Хэйхоу
  • Сенушілер Құдайлық табиғатқа қалай қатысады және өмір сүреді

    Құдайдың қасиеттері

    Сенушілер Құдайлық табиғатқа қалай қатысады және өмір сүреді

    Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

    2025 ж. 27 там.·Джордж Хоук
  • Ізгі хабарды және құтқару жоспарын тиімді бөлісу

    Ізгі хабар тарату

    Ізгі хабарды және Құтқарылу жоспарын тиімді бөлісу

    Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

    2026 ж. 6 мам.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Эсхатология

    Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

    2025 ж. 20 қар.
  • Рождество рухы: Мәсіхте тыныштық пен қуаныш табу

    Мәсіхшілік өмір

    Рождество рухы: Мәсіхте тыныштық пен қуаныш табу

    Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

    2025 ж. 19 мау.