Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың, Берік тұрсын бекінген қалаларың, Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!»
Заңды қайталау 33:25
Күнделікті нұр
Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың, Берік тұрсын бекінген қалаларың, Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!»
Заңды қайталау 33:25
Адамдар сендерді сотқа апарып, ұстап бергенде, не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Сол сәтте ауыздарыңа салынған сөздерді айтыңдар! Осылай өздерің емес, сендер арқылы Киелі Рух сөйлейтін болады.
Марқа 13:11
Сонымен, ертеңгі күн туралы уайымға салынбаңдар! Ертеңгі күннің өз уайымдары болады. Әр күннің қиыншылығы өзіне жетерлік.
Матай 6:34
Мадақтаңдар Иемізді, аспан мен жер, Теңіз бен ондағы күллі жәндіктер,
Забур жырлары 68:35
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Ишая 40:29
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
Філіпілікт. хат 4:13
Жауларды шайып ағызып Қишон жылғасы Әкетті: ежелден бар бұл Қишон жылғасы. Алға басып, қабылдайық күш-қуатты!
Билер 5:21
Көтерілші, самал желім, солтүстіктен, Сондай-ақ, жылы желім, оңтүстіктен, Өзімнің бақшама соғып келсеңші, Жұпарларын оның тарата берсеңші! Сүйген жарым өз бақшасына келсін, Тәтті жемістерінен таңдап жесін!
Таңдаулы ән 4:16
Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.
Еврейлерге хат 12:11
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік,
Ғалаттықт. хат 5:22
Жоқ, Жаратқан Ие өз халқын тиісті мөлшерде жазалау үшін жер аударады. Ол шығыстан соққан аптап жел сияқты оларды «қатты дауылмен» елінен айдап шығады.
Ишая 27:8
Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың, Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,
Забур жырлары 103:13
Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде. Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді! Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.
Қорынттықт. 2-хат 4:16–18
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге хат 5:8
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 27 қаң.
2013 ж. 26 қаң.
2013 ж. 25 қаң.
2013 ж. 24 қаң.
2013 ж. 23 қаң.
2013 ж. 22 қаң.
2013 ж. 21 қаң.

Рухани соғыс
Дәуіт пен Голиаттан алынған үш күшті сабақты ашыңыз. Сыртқы келбетке, сауытқа немесе қиындыққа емес, Құдайға…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Дін қызметі
Мәсіхтің біздің ұлы Бас діни қызметшіміз екенін біліңіз, Ол кемел құрбандық жасады және біздің күрестерімізге…

Шәкірттік
Павелдің Тімөтеге жазған бірінші хатын зерттеңіз, Тімөтенің өмірбаянын, дайындығын және Павелдің шіркеу…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің өмірін, оның ерте жылдарынан бастап, Құдайдың мақұлдауына, қызметіне, айқыштағы құрбандығына…

Құдайдың адалдығы
Жақыптың өмірінен айлакерлік, сенім, мойынсұну және Құдайдың өзгермейтін рақымы мен адалдығы туралы тоғыз…