Сондықтан біз ескі құлшылық ету рәсімдерінен аулақ шығып, Мәсіхке еріп, Оның көрген қорлығын бөлісейік. Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге хат 13:13–14
Күнделікті нұр
Сондықтан біз ескі құлшылық ету рәсімдерінен аулақ шығып, Мәсіхке еріп, Оның көрген қорлығын бөлісейік. Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге хат 13:13–14
Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар. Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:12–13
Өздерің жайындағы үмітіміз берік. Себебі азабымызды бөліскендеріңдей, біз қабылдайтын жұбанышты да бөлісетіндеріңді білеміз.
Қорынттықт. 2-хат 1:7
Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер, бақыттысыңдар, себебі ұлылыққа бөлейтін Құдайдың Рухы сендерге орнығады.
Петірдің 1-хаты 4:14
Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер Иеміз Исаның аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды.
Елшіл. істері 5:41
Ол күнәкар өмірдің өткінші рақатынан гөрі Құдай халқымен бірге жәбірленуді таңдады. Осылай Мұса (Құдай уәде еткен) Мәсіх үшін масқара болуды Мысырдың қазыналарынан артық байлыққа санады. Себебі ол болашақтағы зор сыйды көздеді.
Еврейлерге хат 11:25–26
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.
Філіпілікт. хат 3:20–21
Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды. Оның денесі белінен жоғары қарай жалындап жалтыраған қоладай екенін әрі белінен төмен қарай оттай жарқырап тұрғанын көрдім. Және Оның айналасын жарқыраған нұр көмкеріп тұрды. Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді.
Езекиел 1:26–28
Ал енді, бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді.
Қорынттықт. 2-хат 3:18
Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз.
Жоханның 1-хаты 3:2
Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді.
Аян 7:16
Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды: «Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі, Сенің істерің керемет те ұлы! О, халықтардың мәңгілік Патшасы, Сенің жолдарың әділ де шынайы!
Аян 15:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 25 қаң.
2013 ж. 24 қаң.
2013 ж. 23 қаң.
2013 ж. 22 қаң.
2013 ж. 21 қаң.
2013 ж. 20 қаң.
2013 ж. 19 қаң.

Құлшылық
Жаратқан Ие жерді әділдікпен соттауға келіп, Өзінің шындығы мен әділдігін орнатқанда, Оған жаңа ән айтудың…
Үміт
Мәсіхшілік үміттің қауіпсіздікті, күшті және қуанышты қалай қамтамасыз ететінін зерттеңіз, тіпті ауыр дертке…
Мәңгілік
Мәңгілік ұғымын Құдайға, Мәсіхтің етке айналуына және жоғалғандар мен құтқарылғандардың мәңгілік тағдырларына…
Қайғы
Бұл мақала «Мәсіхтің құмарлығы» фильмінің библиялық дәлдігін бағалайды, оның Мәсіхтің азаптарын Киелі…
Өзін құрбан ету
Філіпіліктерге 2:5-8-де сипатталғандай, Иса Мәсіхтің өзін-өзі беру көзқарасы мен кішіпейілділігін қабылдау…
Махаббат
Латын Америкасы ауруханаларындағы бір отбасының жанқиярлық қызметін ашыңыз, өліп бара жатқандарға қызмет…