Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық, Оған сиынып қолымызды жаяйық:
Жоқтау 3:41
Күнделікті нұр
Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық, Оған сиынып қолымызды жаяйық:
Жоқтау 3:41
Уа, теңіз, сен неге қаша жөнелдің? Уа, Иордан, сен неге кері бұрылдың? Таулар, қошқардай неге секірдіңдер? Төбелер, қозыдай неге секектедіңдер?
Забур жырлары 113:5–6
(Дәуіттің жыры.) Төрелік айтып мені ақташы Өзің, Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін, Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
Забур жырлары 25:1
Найзағай жарқылдатып, жауды шашыратшы, Жебелер атқылап оларды қиратшы, Қолыңды көктен созып мені құтқаршы, Топан судай мол жат жұрттан азат қылшы, Өтірікке лық толған өз ауыздары, Алдамшы да олардың берген анттары.
Забур жырлары 143:6–8
Зұлымның астыртын әрекетінен Қорғап әрі залымның бүлігінен. Тілдерін олар семсердей өткірлеген, Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.
Забур жырлары 63:3–4
Өзімді танып білетіндер арасынан Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын, Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын: «Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын. Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: «Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
Забур жырлары 86:4–5
Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын, сонда Әкенің ұлылығы Өзінің рухани Ұлы арқылы көрінеді.
Жохан 14:13
Бұл — жым-жырт ел туралы ауыр хабар: Біреу маған Сейірден айқайлап: «Ей, күзетші, түннің қай кезі болды? Күзетші, түн қашан бітеді?» — деп сұрайды.
Ишая 21:11
Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр. Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:11–12
Інжір ағашынан сабақ алыңдар: оның шыбықтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда жаздың таяп қалғанын білесіңдер. Сол сияқты, сендер осы оқиғаларды көргенде Менің таяп есік алдына келіп қалғанымды білетін боласыңдар.
Матай 24:32–33
Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
Матай 24:35
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.
Матай 25:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 5 қыр.
2013 ж. 4 қыр.
2013 ж. 3 қыр.
2013 ж. 2 қыр.
2013 ж. 1 қыр.
2013 ж. 31 там.
2013 ж. 30 там.

Қорқыныш
Мәсіх Өз достығы арқылы барлық қорқынышты жояды, Әкенің сүйіспеншілігін ашу арқылы уайымдарды қуады және Оның…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…

Құдайдың жетелеуі
Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…

Қасиетті Вечер
Мәсіхшіге қауымдастықтың бір бөлігін жіберіп алу дұрыс па? Егер нан таратылып, ол кірмей тұрып тостаған…

Дұға
Күнә – адам заңын бұзу ғана емес, ол Құдайға қарсылық. Үкіметсіз біз Израиль судьяларының күндеріндегідей…