Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 27 қаңтар, дүйсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Ал Мәсіхтің күнәларымызды алып тастауға келгенін де, Оның ешқандай күнә жасамағанын да білесіңдер.

Жоханның 1-хаты 3:5

Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады. Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.

Еврейлерге хат 1:1–3

Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.

Қорынттықт. 2-хат 5:21

Сендер әр адамды бет-жүзіне қарамай әділ соттайтын Құдайға «Әкем» деп сиынасыңдар. Ендеше жер бетінде жат жерлік болып сүретін өмірлеріңді Оны терең қастерлеп, Оған ұнамайтынды істеуден шошынып өткізіңдер! Ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан азат болуларың үшін не төленгенін білесіңдер: күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес, Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі. Құдай әлемді жаратпастан бұрын-ақ Мәсіхті бұл мақсатқа таңдап белгілеп еді, ал заманның аяғында Оны сендер үшін ашық көрсетті.

Петірдің 1-хаты 1:17–20

Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді. Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.

Қорынттықт. 2-хат 5:14–15

Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой! Осылай өздерің де, ұрпақтарың да аман-есен өмір сүріп,

Заңды қайталау 30:19

Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын.

Езекиел 18:32

Мен дүниеге келіп, оларға сөйлемесем, онда олар айыпты болмас еді. Ал енді кінәларына еш сылтау жоқ.

Жохан 15:22

Қожайынының еркін біле тұра дайын болмаған, оның қалауы бойынша істемеген қызметші қатты соққы жейтін болады.

Лұқа 12:47

Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.

Римдіктерге хат 6:23

Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды.

Жохан 3:36

Сендер білесіңдер ғой: егер біреуге бағынып, оның еркін орындасаңдар, онда сол қожайындарыңның құлы боласыңдар. Сол сияқты, сендер не мәңгілік өлімге апаратын күнәға құл боласыңдар, не Құдайға мойынсұнып, әділдікке қызмет етесіңдер.

Римдіктерге хат 6:16

Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады. Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді.

Жохан 12:26

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 26 қаң.

    Еврейлерге хат 13:13–14 · Петірдің 1-хаты 4:12–13

  • 2014 ж. 25 қаң.

    Римдіктерге хат 3:22 · Қорынттықт. 2-хат 5:21

  • 2014 ж. 24 қаң.

    Філіпілікт. хат 4:5 · Салониқал. 1-хат 4:16–18

  • 2014 ж. 23 қаң.

    Римдіктерге хат 5:5 · Ишая 49:23

  • 2014 ж. 22 қаң.

    Забур жырлары 48:14 · Ишая 25:1

  • 2014 ж. 21 қаң.

    Жохан 15:2 · Малахи 3:2–3

  • 2014 ж. 20 қаң.

    Ишая 9:6 · Жохан 1:14

Ұқсас мақалалар

  • Армеро апаты және Нұхтың топан суы: Құтқару үшін ескерту

    Құтқарылу

    Армеро апаты және Нұхтың топан суы: Құтқарылу үшін ескерту

    Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

    2025 ж. 10 сәу.·Альберт Блок
  • Христиан ізбасары болу деген не?

    Шәкірттік

    Мәсіхші ізбасар болудың шынайы мағынасы неде?

    Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

    2023 ж. 14 қыр.·Тим Хэдли
  • Тұтқындар түрмеден ерте босатылу үшін дұға етуі керек пе?

    Дұға

    Тұтқындар түрмеден ерте босатылу үшін дұға етуі керек пе?

    Күнә – адам заңын бұзу ғана емес, ол Құдайға қарсылық. Үкіметсіз біз Израиль судьяларының күндеріндегідей…

    2026 ж. 2 мам.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Құдайдың қасиетті қаһары: Құдайлық ашу мен әділеттілікті түсіну

    Киелілік

    Құдайдың қасиетті қаһары: Құдайдың ашуы мен әділдігін түсіну

    Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

    2025 ж. 7 мау.·Г. Х. Б.
  • Екі рухани жағдай: Күнәларда өлі және күнәға өлі

    Күнә

    Екі рухани жағдай: күнәда өлі және күнәға өлі

    Әрбір адам не күнәда өлі, не күнәға өлі. Киелі жазбалардың осы екі рухани жағдай және Мәсіхтің құтқарылуы…

    2025 ж. 9 қар.·Белгісіз
  • Сізге жүзу сабақтары немесе құтқару үшін Құтқарушы қажет пе?

    Құтқарылу

    Құтқарылу үшін саған жүзу сабақтары немесе Құтқарушы қажет пе?

    Суға батып бара жатқан адамға сабақ емес, құтқарушы қажет. Рухани тұрғыдан, бәрі күнә жасаған және оларды…

    2025 ж. 4 қар.