Адамның адалдық пен әділдік сақтағаны Жаратқанға құрбандық шалғанынан ұнамды.
Нақыл сөздер 21:3
Күнделікті нұр
Адамның адалдық пен әділдік сақтағаны Жаратқанға құрбандық шалғанынан ұнамды.
Нақыл сөздер 21:3
— Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?!
Миха 6:8
Бірақ Самуилдің жауабы мынау болды: — Жаратқан Иеге шын ұнайтын — Құрбандық пен басқа сый-тарту ма, Әлде Оған мойынсұнып, тілін алу ма?! Мойынсұну Оған артық сый-тарту атаулыдан, Еркіне бағыну қошқар майынан ұнамды Оған!
Патшалықтар 1-ж. 15:22
Оны шын жүректен, барлық ақыл-оймен, бүкіл жан дүниесімен, бар күш-қуатпен сүю әрі маңайындағы адамды өзіндей сүю Құдайға арналған құрбандықтар мен басқа да сый-тартулардың бәрінен де жоғары. —
Марқа 12:33
Өзің де Құдайға қайта оралып, берік сүйіспеншілік пен әділдікті сақта! Әрқашан өз Құдайыңа үмітіңді арт!
Ошия 12:6
Мартаның Мәриям деген сіңлісі бар еді. Ол Иеміз Исаның аяқ жағына отырып алып, сөзін құлақ салып тыңдады.
Лұқа 10:39
Ал керегі бір-ақ нәрсе ғой: Мәриям игілікті жағын таңдап алды, оны содан ешкім айыра алмайды, — деді.
Лұқа 10:42
Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 8 жел.
2014 ж. 7 жел.
2014 ж. 6 жел.
2014 ж. 5 жел.
2014 ж. 4 жел.
2014 ж. 3 жел.
2014 ж. 2 жел.
Мойынсұну
1 Қорынттықтарға 11-ге негізделген христиан әйелдері үшін бас жабындылары туралы библиялық ілімді зерттеу…
Құдай сізді отбасыңызға ерекше дарындармен, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін стратегиялық түрде…

Рухани өсу
Қиын тауға өрмелеу христиандық өмірді қалай көрсететінін біліңіз. Құдаймен бірге сенім сапарыңызда бір…
Тәубе
Жаңа Өсиетке сәйкес, «өкіну» мен «қасіреттің» арасында айырмашылық бар. Яһуда «қасіреттеніп, отыз күміс…
Құтқарылу
Уақыт таусылып барады. Неліктен Иса Мәсіхке қазір күнәлардан құтқарушы ретінде сену сіз қабылдай алатын ең…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…