Орныма жатқанда «Қашан тұра аламын?» деп ойлаймын. Осылай түн ұзаққа созылып, таң атқанша дөңбекшіп шығамын.
Әйүп 7:4
Күнделікті нұр
Орныма жатқанда «Қашан тұра аламын?» деп ойлаймын. Осылай түн ұзаққа созылып, таң атқанша дөңбекшіп шығамын.
Әйүп 7:4
Бұл — жым-жырт ел туралы ауыр хабар: Біреу маған Сейірден айқайлап: «Ей, күзетші, түннің қай кезі болды? Күзетші, түн қашан бітеді?» — деп сұрайды. Күзетші былай деп жауап береді: «Қазір таң атады, кейін жер түн жамылады. Егер тағы да сұрағыларың келсе, қайтып келіп, сұрай беріңдер».
Ишая 21:11–12
Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:37
Бұлтсыз аспандағы таңғы шапақтай, Жерден көк шөп өсіріп шығаратын Жаңбырдан кейінгі күн нұрындай.
Патшалықтар 2-ж. 23:4
Көктегі Әкемнің үйінде тұратын орын көп. Егер солай болмаса, Мен сендерге айтқан болар едім ғой. Енді сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
Жохан 14:2–3
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар. Менің өздеріңе былай дегенімді естігенсіңдер: Мен кетемін, кейін сендерге қайтып келемін. Егер Мені шын көңілмен сүйсеңдер, Әкеме барып, құрметке бөленетініме қуанар едіңдер; себебі Әкем Менен ұлы.
Жохан 14:27–28
бәрің де жарықта және күнде жүресіңдер ғой. Біз түндікі және түнектікі болмағандықтан,
Салониқал. 1-хат 5:5
Қала қақпалары күн ұзағына жабылмайды, ешқашан түн де болмайды.
Аян 21:25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 11 қаң.
2015 ж. 10 қаң.
2015 ж. 9 қаң.
2015 ж. 8 қаң.
2015 ж. 7 қаң.
2015 ж. 6 қаң.
2015 ж. 5 қаң.

Даналық
Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

Пайғамбарлық
Захария 12-14-ті зерттеу: Исраилдің болашақ өкініші, тесілген Мәсіхті тануы және Оның мыңжылдық патшалығының…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Күнә
Құмарлықтың не екенін және оны рухани жетілу арқылы және Құдайдың еркіне назар аудару арқылы қалай жеңуге…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…