Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.
Римдіктерге хат 12:3
Сенімі әлсіз бауырластарды олардың ой-пікірлері жөнінде таласпай, қауымдарыңда қабыл алыңдар!
Римдіктерге хат 14:1
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге хат 4:20
Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп:
— Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.
Матай 14:31
Иса:
— Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті.
Матай 15:28
Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса:
— Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:
— Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. Сонда Иса:
— Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді.
Матай 9:28–29
Сонда елшілері Иеміз Исадан:
— Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.
Лұқа 17:5
Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!
Қолостықт. хат 2:7
Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп, тағайындаған — Құдайдың Өзі:
Қорынттықт. 2-хат 1:21
Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды.
Петірдің 1-хаты 5:10
Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес,
Римдіктерге хат 15:1
Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!
Римдіктерге хат 14:13