Көргендеріңді, қазіргі барды және одан кейін болатындарды жазып қой!
Аян 1:19
Күнделікті нұр
Көргендеріңді, қазіргі барды және одан кейін болатындарды жазып қой!
Аян 1:19
Себебі бұл пайғамбарлық сөздер ешқашан адам баласының қалауымен пайда болған емес. Қайта, Киелі Рух Құдайға бағышталған адамдарға Оның хабарларын айтуға қозғау салып отырды.
Петірдің 2-хаты 1:21
Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған.
Жохан 1:3
Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де, оларға Өзінің қол-аяғын көрсетті.
Лұқа 24:39–40
Мұны көрген кісі сендер де сенсін деп бұған куәлік береді. Оның куәлігіне сенуге болады, ол шындықты айтып тұрғанын біледі.
Жохан 19:35
Біз сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің зор құдіретпен қайта оралуы туралы білдіргенде, қулықпен қиыстырылған аңыз-ертегілерге сүйенген жоқпыз. Керісінше, біз Иеміздің салтанатты ұлылығын өз көзімізбен көрген куәгерлер болған едік.
Петірдің 2-хаты 1:16
Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы.
Қорынттықт. 1-хат 2:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 15 қаң.
2015 ж. 14 қаң.
2015 ж. 13 қаң.
2015 ж. 12 қаң.
2015 ж. 11 қаң.
2015 ж. 10 қаң.
2015 ж. 9 қаң.

Киелі Рух
Жохан 7:39: Киелі Рух берілмес бұрын Мәсіхтің даңқталуы неліктен қажет болды? ЖАУАП: Өзін біздің…

Қасиетті Вечер
Исаның айқыштағы азаптары мен өлімінің ерекше аспектілерін зерттеңіз, Оның Әкеге мойынсұнуына және күнә үшін…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ізгі хабар
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте тек төрт…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…