Құдай Рухымен иемденген бірліктеріңді өзара байланыстырған татулық арқылы сақтауға ұмтылыңдар! Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді.
Ефестікт. хат 4:3–4
Күнделікті нұр
Құдай Рухымен иемденген бірліктеріңді өзара байланыстырған татулық арқылы сақтауға ұмтылыңдар! Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді.
Ефестікт. хат 4:3–4
екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды. Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»! Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы» — Иса Мәсіхтің Өзі. Ол арқылы бүкіл рухани құрылыс (сенушілердің бәрі) біріктіріліп, Жаратқан Иеге бағышталған «киелі үй» болу үшін өсіп жатыр. Осылайша сендер Иса Мәсіхтің арқасында «Құдайдың тұратын мекені» ретінде бірге қаланасыңдар. Құдай оны Өзінің Киелі Рухы арқылы мекендейді.
Ефестікт. хат 2:18–22
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) «Уа, Жаратқанның бар қызметшілері, Иемізді дәріптей беріңдер! Сендер Құдайдың киелі үйінде Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер: Киелі орнына қарай қол жайып Иемізді мадақтай беріңдер!»
Забур жырлары 133:1–2
Шынайы хабарға мойынсұнып, күнәдан тазарған сендер бауырластарыңа деген нағыз сүйіспеншілікке кенелдіңдер. Енді бір-біріңді үздіксіз, шын жүректен сүйіңдер!
Петірдің 1-хаты 1:22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 30 шіл.
Қолостықт. хат 3:1
2015 ж. 29 шіл.
Ишая 64:1
2015 ж. 28 шіл.
Ефестікт. хат 5:2
2015 ж. 27 шіл.
Қорынттықт. 2-хат 4:4
2015 ж. 26 шіл.
Еврейлерге хат 11:8
2015 ж. 25 шіл.
Жоханның 1-хаты 3:14
2015 ж. 24 шіл.
Римдіктерге хат 12:12

Жүрек
Көзқарастарды түсіну, сынақтарды қабылдау және Құдай Сөзін қолдану арқылы таза жүректі қалай дамытуға және…

Шәкірттік
Пауылдың Тімөтеге екінші хаты христиандық қызметте, тіпті көңілсіздікке, қиындыққа және қарсылыққа тап…

Киелі кітапты зерттеу
Ешуаны Мәсіхтің бір түрі ретінде зерттеңіз, ол Исраилді Уәде етілген жерге жетеледі, Исаның құтқарылуын…

Иса Мәсіх
Ишая 9:6 екі шындықты ашады: Мәсіх туылған бала ретінде толықтай адам болды, бірақ Құдайдың Ұлы ретінде…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Философия
Қолостықтарға 2-тарауда Киелі Рух елші Пауыл арқылы бізге төрт қауіп туралы қатты ескертеді: философия…