— Мен «жүзімдерді» жалғыз таптадым, халықтардан ешкім қасымда болып көмектеспеді. Ашуға мініп, зұлым жауларымды таптап, қаһарлана басып-жаншыдым. Солардың қаны шапаныма шашырап, барлық киімдерім де ластанды.
Ишая 63:3
Күнделікті нұр
— Мен «жүзімдерді» жалғыз таптадым, халықтардан ешкім қасымда болып көмектеспеді. Ашуға мініп, зұлым жауларымды таптап, қаһарлана басып-жаншыдым. Солардың қаны шапаныма шашырап, барлық киімдерім де ластанды.
Ишая 63:3
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Ақиқатты жақтайтын бірде-бір адамның жоқ екенін көріп, зорлық-зомбылық шеккендерді қолдайтын ешкімнің болмағанына таңғалды. Сондықтан Тәңір Ие Өзінің әділдігіне сүйеніп, құдіретті қолымен құтқаруды дайындады.
Ишая 59:16
Біз күнәнің құлдығынан босатылып, әділ өмір сүре алуымыз үшін Мәсіх айқыш ағашта күнәларымыздың айыбын өз денесінде көтеріп тұрды. Осылай Оның жаралары арқылы (рухани дертімізден) сауықтық.
Петірдің 1-хаты 2:24
Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды! Себебі Тауратта «ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады» деп жазылған.
Ғалаттықт. хат 3:13
Жаратқан Иеміз патшалық құрады, Керубтер арасындағы «тағында» отырады. Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын, Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын!
Забур жырлары 98:1
Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты.
Қолостықт. хат 2:15
Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады.
Ишая 53:11
Жауларды шайып ағызып Қишон жылғасы Әкетті: ежелден бар бұл Қишон жылғасы. Алға басып, қабылдайық күш-қуатты!
Билер 5:21
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге хат 8:37
Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды.
Аян 12:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 1 там.
Ефестікт. хат 2:8
2015 ж. 31 шіл.
Тімотеге 2-хат 2:3
2015 ж. 30 шіл.
Қолостықт. хат 3:1
2015 ж. 29 шіл.
Ишая 64:1
2015 ж. 28 шіл.
Ефестікт. хат 5:2
2015 ж. 27 шіл.
Қорынттықт. 2-хат 4:4
2015 ж. 26 шіл.
Еврейлерге хат 11:8

Мәңгілік қауіпсіздік
Киелі жазбалардағы «Кітаптың» көп қырлы мағыналарын, Құдайдың үкімінен мәңгілік қауіпсіздікке дейін зерттеңіз.

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…

Иса Мәсіх
Дәуіт патшалық билігін қабылдау үшін ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болды. Осыған байланысты, ол патшалық…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Суицид
Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…