Құдай Әкеміздің алдында сендердің Оған деген сеніммен игілікті іс істеп, сүйіспеншілікпен ауыр еңбек етіп және Иеміз Иса Мәсіхке табандылықпен үміт артып жүргендеріңді үнемі еске алып отырамыз.
Салониқал. 1-хат 1:3
Күнтізбе
Құдай Әкеміздің алдында сендердің Оған деген сеніммен игілікті іс істеп, сүйіспеншілікпен ауыр еңбек етіп және Иеміз Иса Мәсіхке табандылықпен үміт артып жүргендеріңді үнемі еске алып отырамыз.
Салониқал. 1-хат 1:3
Иса: — Ол Жібергенге сеніңдер, Құдайдың еркі сол, — деп жауап берді.
Жохан 6:29
Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол — өлі сенім.
Жақыптың хаты 2:17
Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болғандар үшін сүндеттелу не сүндеттелмеу маңызды емес. Біз үшін ең маңыздысы — сүйіспеншілікпен әрекет жасайтын сенім.
Ғалаттықт. хат 5:6
Өзінің ескі күнәкар болмысын қанағаттандырушы сол болмысқа тән өлімді орады. Ал Құдайдың Рухына қызмет етуші осы Рухқа тән мәңгілік өмірді орады.
Ғалаттықт. хат 6:8
Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да.
Ефестікт. хат 2:10
Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:14
Қымбатты бауырластар, Құдайға сендер үшін әрдайым шүкірлік етуге тиіспіз. Бұл, әрине, дұрыс, өйткені бәріңнің сенімдерің мен өзара сүйіспеншіліктерің артып келе жатыр.
Салониқал. 2-хат 1:3
Сондықтан біз әрдайым сендер үшін былай деп мінажат етеміз: Құдай сендерді құтқарылуға шақырған соң соған лайықты өмір сүрулеріңе, ізгі ниеттеріңді жүзеге асыруларыңа және сеніммен бастаған істеріңді Құдайдың көмегімен аяқтауларыңа қабілет бергей.
Салониқал. 2-хат 1:11
Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 21 жел.
Ишая 60:20
2015 ж. 20 жел.
Ефестікт. хат 1:4
2015 ж. 19 жел.
Забур жырлары 112:4
2015 ж. 18 жел.
Еврейлерге хат 4:16
2015 ж. 17 жел.
Забур жырлары 80:18
2015 ж. 16 жел.
Жохан 13:1
2015 ж. 15 жел.
Ғалаттықт. хат 6:2

Сенім
Жакыптың хатын зерттеңіз, бұл сөзді тек естушілер емес, орындаушылар болуға шақыратын ояту. Шынайы сенімнің…

Кешірім
Құдай күнәні толығымен кешіреді, бірақ салдары қалуы мүмкін. Құдайдың мейірімі мол болса да, сенушілер бұл…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.