Бірақ та өлім Адам атадан Мұсаның заманына дейін өзінің билігін жүргізіп келді. Дәл Адам атаның Құдайдың анық бұйрығын бұзғаны сияқты күнә жасамағандарға да өлім билігін жүргізді.
Адам атаға қарайтын болсақ, кейінірек келген Мәсіх жайында көп нәрселерді жақсырақ түсіне аламыз.
Римдіктерге хат 5:14
Бірақ Исаның азапты өлім шеккені үшін Патша ретінде ғаламат салтанат пен құрметке бөленгенін көреміз. Ол біраз уақыт періштелерден төмен болып, Құдайдың рақымының арқасында күллі адамзат үшін жанын қиды.
Еврейлерге хат 2:9
Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді.
Қорынттықт. 2-хат 5:14
Бір кісінің Құдайға мойынсұнбауы көптеген адамдарды күнәкар етті. Дәл солай, басқа бір Кісінің Құдайға мойынсұнуы арқылы көптеген адамдар ақталады.
Римдіктерге хат 5:19
Тауратта осылай деп жазылған: Алғашқы адам — Адам ата «осылай тірі жан болып шыға келді», ал «Соңғы Адам» (Мәсіх) — мәңгілік өмір беретін Рух. Алдымен рухани емес, тәндік дене болды, «рухани» дене кейінірек пайда болады.
Қорынттықт. 1-хат 15:45–46
Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін», — деді.
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.
Жаратылыстың баст. 1:26–27
Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады. Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.
Еврейлерге хат 1:1–3
Себебі Сен Маған берген адамдарыңның бәріне мәңгілік өмір сыйлауым үшін күллі адамзаттың билігін Менің қолыма тапсырдың.
Жохан 17:2
Топырақтан жаратылған алғашқы адам бұ дүниеден, ал «Екінші Адам» (Мәсіх) көктен келді. Бұ дүниелік адамдар топырақтан жаратылған Адам атаға ұқсас, ал көктен жаңа өмір алғандар көктен келген Мәсіхке ұқсас.
Қорынттықт. 1-хат 15:47–48