Ажар өзіне тіл қатқан Жаратқан Иені «Маған көз қырын салатын Құдайсың» деп атады. Себебі Ажар: «Мен өзіме көз қырын Салатынды осында көрдім», — деді.
Жаратылыстың баст. 16:13
Күнтізбе
Ажар өзіне тіл қатқан Жаратқан Иені «Маған көз қырын салатын Құдайсың» деп атады. Себебі Ажар: «Мен өзіме көз қырын Салатынды осында көрдім», — деді.
Жаратылыстың баст. 16:13
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан, зұлым адамнан құтқаршы, Зорлықшыл жандардан мені қорғашы, Ойларында олар сұм жоспар құрады, Күн сайын ұрыс-керіс туғызады. Өткір тілдері жыландай шағады, «Сұр жыланның уы» тілдерінен тамады.
Забур жырлары 139:1–4
Паңдар маған жасырын тұзақ құрды, Торларының жіптерін кеңінен жайды, Олар жүрген жолыма қақпандар құрды.
Забур жырлары 139:6
Жаратушының көз алдында бәрі аян, Бар жақсы мен жамандар айқын Оған.
Нақыл сөздер 15:3
Адамның күллі ісі Жаратқанның көз алдында, Ол баға береді пенденің бар жолына.
Нақыл сөздер 5:21
Иса оларға былай деп жауап қатты: «Сендер адамдар алдында әділ болғансып жүрсіңдер, бірақ Құдай жүректеріңде не бар екенін жақсы біледі. Адамдар бұларыңды жоғары бағалағанмен, Құдай алдында ол — жексұрындық».
Лұқа 16:15
Себебі Жаратқан Ие Өзіне шын жүректен бағышталып, адал болып жүргендерді күш-қуат беріп қолдау үшін, бүкіл жер жүзін назарында ұстап отырады. Осы істегеніңіз үлкен ақылсыздық болды. Сол үшін де бұдан былай соғыстан көз ашпайтын боласыз!»
Шежірелер 2-ж. 16:9
Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
Жохан 2:24–25
Иса үшінші рет: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені жақсы көресің бе? — деп сұрады. Иса: «Сен Мені жақсы көресің бе?» деп үшінші рет сұрағандықтан Петір мұңайып: — Ием, Сіз бәрін де білесіз, Сізді жақсы көретінімді де білесіз, — деді. Иса оған: — Қойларыма қарап жүр!
Жохан 21:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 28 қаң.
Заңды қайталау 33:25
2016 ж. 27 қаң.
Жоханның 1-хаты 3:5
2016 ж. 26 қаң.
Еврейлерге хат 13:13–14
2016 ж. 25 қаң.
Римдіктерге хат 3:22
2016 ж. 24 қаң.
Філіпілікт. хат 4:5
2016 ж. 23 қаң.
Римдіктерге хат 5:5
2016 ж. 22 қаң.
Забур жырлары 48:14

Дін қызметі
Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…

Қайта тірілу
Тек қана Христиандық қайта тірілген Құтқарушымен қарым-қатынасқа негізделген. Лұқа Елшілердің істері 1:1-3-те…

Даналық
Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

Кішіпейілділік
Жүрегі сынған, өкінішті және кішіпейіл жандарға Құдай беретін жеті күшті уәдені ашыңыз. Забур мен Ишая…

Алғыс айту
Забур 136 Құдайдың мәңгілік мейірімін қайта-қайта жариялайды. Неліктен біз жиі алғыс айтуды ұмытатынымызды…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…