Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.
Нақұм 1:7
Күнтізбе
Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.
Нақұм 1:7
қуаныш пен шаттықтың үні, күйеу жігіт пен қалыңдықтың көңілді дауыстары естілмек! «Әлемнің Иесін мадақтаңдар, өйткені Жаратқан Ие ізгі, Оның берік мейірімі мәңгілік!» деп, киелі үйге Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін тартуларын алып келе жатқан адамдардың мақтау айтқан дауыстары тағы да естілетін болады. Себебі Мен жер аударылып кеткен халықты қайтадан әкеліп, оның жағдайын бұрынғыдай игілікке кенелтемін! — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Еремия 33:11
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)
Забур жырлары 46:1
Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау, Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,
Забур жырлары 91:2
Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен, Жаратқан Ие құтқарған аман-есен Өзіңдей басқа халық бар ма екен? Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды, Семсердей саған үстемдік сыйлайды. Алдыңда құлдық ұрады жауларың, Биік жерлеріне аяғыңды басасың».
Заңды қайталау 33:29
Ал Құдай Өзін сүйгенді жақсы біледі.
Қорынттықт. 1-хат 8:3
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Тімотеге 2-хат 2:19
Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.
Забур жырлары 1:6
Жаратқан Ие оған: — Жарайды, сенің сұрағаныңды орындаймын. Өйткені Мен саған ризамын, сені жақыннан танимын да, — деп уәде берді.
Мысырдан шығу 33:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 26 мам.
Еврейлерге хат 13:20
2016 ж. 25 мам.
Забур жырлары 31:19
2016 ж. 24 мам.
Ефестікт. хат 4:30
2016 ж. 23 мам.
Мысырдан шығу 28:12
2016 ж. 22 мам.
Жохан 14:27
2016 ж. 21 мам.
Ефестікт. хат 6:10
2016 ж. 20 мам.
Тімотеге 1-хат 4:16

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…

Құтқарылу
Ұсыныс Иеміз Исаның Қалвари крестіндегі аяқталған ісінің арқасында қолжетімді (Жох. 19:30), Ол Оған сенім…

Көшбасшылық
Аса патшаның өмірі бізге кез келген жағдайда Құдайға сенуді, Оны басқалар арқылы іздеуді және үлгімен…

Киелендіру
Қасиеттіліктің библиялық шындығын зерттеңіз, позициялық (абсолютті) және іс жүзіндегі (прогрессивті)…

Көтеріліс
Күнәға қайта оралма. Исраилдің шөл даладағы саяхаты бағынбаушылық пен сенімсіздіктің қымбат бағасын…