Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз.
Філіпілікт. хат 3:20
Күнтізбе
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз.
Філіпілікт. хат 3:20
Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді. Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды. Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады. Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:11–14
Ал біз Құдайдың уәдесіне сай әділдік орнаған жаңа аспан мен жаңа жердің пайда болуын күтудеміз.
Петірдің 2-хаты 3:13
Сонымен, сүйікті бауырластар, сендер бұлардың келуін күтіп жүргендіктен, Мәсіхтің алдында тұрғанда Оның сендерді мүлтіксіз пәк таза, тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар!
Петірдің 2-хаты 3:14
Сол секілді Мәсіх бір рет көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып құрбан болды. Ол дүниеге қайта оралған кезде тағы да күнәнің құнын өтеу үшін емес, Өзін аңсап күтіп жүргендерді түгелдей құтқару үшін келеді.
Еврейлерге хат 9:28
Сол кезде адамдар былай дейтін болады: «Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз, Аңсап Оны Оған сенім артамыз, Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз, Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз, Оны аңсап Оған сенім артамыз. Енді бәріміз қатты қуанамыз, Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»
Ишая 25:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 27 мам.
Нақұм 1:7
2016 ж. 26 мам.
Еврейлерге хат 13:20
2016 ж. 25 мам.
Забур жырлары 31:19
2016 ж. 24 мам.
Ефестікт. хат 4:30
2016 ж. 23 мам.
Мысырдан шығу 28:12
2016 ж. 22 мам.
Жохан 14:27
2016 ж. 21 мам.
Ефестікт. хат 6:10

Христология
Еврейлерге жазылған хаттағы Мәсіхтің үш көрінісін зерттеңіз: Оның қазіргі шапағаты, күнә үшін өткен…

Сенім
Еврейлерге хаттағы «жақсырақ нәрселерді» ашыңыз: жақсырақ зат, ел, тірілу және Құдай сенушілер үшін…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…

Иса Мәсіх
Дәуіт патшалық билігін қабылдау үшін ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болды. Осыған байланысты, ол патшалық…

Күнә
Құмарлықтың не екенін және оны рухани жетілу арқылы және Құдайдың еркіне назар аудару арқылы қалай жеңуге…

Сенім
Еврейлерге 11:32-де әрекеттерсіз бірнеше есім ғана аталған. Содан кейін бізге 33-40-аяттарда есімдерсіз сенім…