Мен, Иса, осы хабарларды қауымдардағы сендерге жеткізу үшін періштемді жібердім. Мен Дәуіт патшаның әулетінен шыққан, «таңғы жарық Жұлдызбын», — деді.
Аян 22:16
Күнтізбе

Мен, Иса, осы хабарларды қауымдардағы сендерге жеткізу үшін періштемді жібердім. Мен Дәуіт патшаның әулетінен шыққан, «таңғы жарық Жұлдызбын», — деді.
Аян 22:16
Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес, Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес: Жақыптан бір жұлдыз туатын болады, Исраилден ұлы патша шығатын болады. Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды, Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады.
Руларды санау 24:17
Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге 13:12
Таң атып, көлеңке жоғалып кеткенше, Жас бұғыдай тау сайларында секірші, Сүйіктім, еліктей кері қайтып келші!
Таңдаулы ән 2:17
Бұл — жым-жырт ел туралы ауыр хабар: Біреу маған Сейірден айқайлап: «Ей, күзетші, түннің қай кезі болды? Күзетші, түн қашан бітеді?» — деп сұрайды. Күзетші былай деп жауап береді: «Қазір таң атады, кейін жер түн жамылады. Егер тағы да сұрағыларың келсе, қайтып келіп, сұрай беріңдер».
Ишая 21:11–12
Иса тағы бір жолы халыққа сөйлеп отырғанда былай деді: — Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді.
Жохан 8:12
Мен жеңіп шыққандарға таңғы жұлдызды да сыйлаймын.
Аян 2:28
Ұдайы сақ та сергек болыңдар (әрі Құдайға сиыныңдар), себебі Менің қайтып келген кезімнің қашан болатынын білмейсіңдер. Бұл жайт сапарға шықпақ болған бір кісінің әрекетіне ұқсас: ол кетер алдында үй-жайын басқаруды қол астындағы қызметшілеріне аманаттайды. Әрқайсысына атқаратын жұмыстарын үлестіріп беріп, қақпашыға сергек күзетуін тапсырады. Сондықтан сергек болыңдар! Үй иесінің қашан келетінін: кешке ме, түн ортасында ма, әтеш шақырған кезде ме, әлде таң ата ма, қызметшілері білмейді. (Сондай-ақ, сендер де Менің қашан қайтып келетінімді білмейсіңдер.) Кенеттен келе қалған кезімде рухани ұйықтап жатпаңдар! Сендерге айтқанымды бәріне де айтамын: сергек болыңдар!
Марқа 13:33–37
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 5 ақп.
Жохан 10:10
2019 ж. 4 ақп.
Заңды қайталау 17:16
2019 ж. 3 ақп.
Хаққай 2:4
2019 ж. 2 ақп.
Шежірелер 1-ж. 4:10
2019 ж. 1 ақп.
Петір 1 1:8
2019 ж. 31 қаң.
Руларды санау 33:55
2019 ж. 30 қаң.
Еврейлерге 12:1–2

Рождество
Бұл Рождестволық өлең Исаның Бетлехемде туылғанда оған орын болмағанын және бүгінде көптеген адамдар оны әлі…

Киелі Рух
Киелі Рухтың Мәсіхті қалай ашатынын, сенушілерде қалай тұратынын және Рухқа толы болудың шынайы мағынасын…

Таудағы уағыз
Матай 5-7 Иеміз Исаның ізбасарларынан күтетін өмір сүру деңгейіне қатысты көптеген практикалық ілімдерді…

Құдайдың Егемендігі
Жүсіптің сынақтары мен Яһуданың күнәсін зерттеңіз, Құдайдың адамның ақымақтығын Өзінің рақымы мен даналығын…
Күнә
Күнәнің шынайы ауырлығын және оның Құдайдан бөлінуін түсініңіз. Иса Мәсіхтің құрбандығы арқылы кешірім мен…

Ізгі хабар тарату
Мұсылмандармен Мәсіхті бөлісудің Киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен…