Иса оған: — Қазір осылай болсын. Солай Құдайдың әділ еркін толық орындауға тиіспіз, — деп жауап берді. Жақия Оның айтқанына көнді.
Матай 3:15
Күнтізбе

Иса оған: — Қазір осылай болсын. Солай Құдайдың әділ еркін толық орындауға тиіспіз, — деп жауап берді. Жақия Оның айтқанына көнді.
Матай 3:15
Мені жек көргендердің барлығы Өзара маған қарсы сыбырласады, Былай деп жамандық ойластырады:
Забур жырлары 40:8
Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.
Матай 5:17–18
Жаратқан Ие өз әділдігіне сай Таурат заңы мен тәлімін дәріптелуге лайық әрі тамаша етіп шығаруды жөн көрген еді.
Ишая 42:21
Сендерге айтамын: егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!
Матай 5:20
Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды. Ондағы мақсаты — біздің ескі күнәкар болмысымыздың еркі бойынша емес, Киелі Рухтың еркіне сай өмір сүріп, Құдайдың заңының әділ талаптарын орындауымыз.
Римдіктерге 8:3–4
Адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатты, енді Оның құрбандық өліміне сенетіндер ақталады.
Римдіктерге 10:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 13 ақп.
Езекиел 1:26
2020 ж. 12 ақп.
Малахи 3:17
2020 ж. 11 ақп.
Малахи 3:16
2020 ж. 10 ақп.
Лұқа 11:34
2020 ж. 9 ақп.
Лұқа 16:25
2020 ж. 8 ақп.
Жохан 15:15
2020 ж. 7 ақп.
Заңды қайталау 8:10–11

Мойынсұну
Ыбырайым, Амос, Пауыл және Исаның өмірі арқылы мәсіхшінің өзін-өзі бағындыру тұжырымдамасын зерттеңіз.

Шәкірттік
Via Dolorosa Иерусалимдегі жай ғана физикалық жол емес. Иса қалай жүрсе, солай жүруді үйреніңіз, өзін-өзі…
Заң
Мұғалім сияқты, заң бізді Мәсіхке жетелейді. Бірақ сенім келгенде, біз еркін және тәуелсізбіз, енді оның…
Жаңа жыл
Жаңа жылға шынайы бақыт кештерде емес, Құдай ұсынатын жаңа өмірде табылады. Жаңа ән, рух және бағыт үшін…
Иса Мәсіх
Иса Мәсіх кім? Оның Құдайлық табиғаты, күнәсіз өмірі және әлемнің Құтқарушысы ретіндегі үздіксіз рөлі туралы…
Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітапты тақырыптық зерттеулер және қайталанған оқулар сияқты тиімді әдістермен зерттеуді үйреніңіз. Өсу…