Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»!
Жохан 7:37
Күнтізбе

Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»!
Жохан 7:37
Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың, Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.
Забур жырлары 84:2
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр, Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,
Забур жырлары 63:1–2
«Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар!
Ишая 55:1
Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!
Аян 22:17
Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады. —
Жохан 4:14
Себебі денем — шынайы рухани «нәр», ал қаным — шынайы рухани «сусын».
Жохан 6:55
(Күйеу:) Міне, мен өз бақшама кіріп алдым, Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым! Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым, Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын, Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын. (Құрбылар:) Уа, достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер, Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер! (Жас келін:)
Таңдаулы ән 5:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 12 қыр.
Ишая 57:18
2020 ж. 11 қыр.
Римдіктерге 12:2
2020 ж. 10 қыр.
Еремия 32:9
2020 ж. 9 қыр.
Лұқа 1:53
2020 ж. 8 қыр.
Даниял 5:27
2020 ж. 7 қыр.
Римдіктерге 12:12
2020 ж. 6 қыр.
Жоқтау 3:41
Жаңа табиғат
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.
Түлену
Біздің күнделікті ақпаратымыз ойымызды қалыптастырады. Құдай сөзімен және Исамен айналысу ой-санаңызды қалай…

Бұтқа табынушылық
Біз Құдайды Жаратушы ретінде қабылдамағанда, пұтқа табынушылыққа және зұлымдыққа бет бұрамыз. Не болатынын…

Өтеу
Мәсіхтің өтелуі христиан дінінің орталығы болып табылады. Мәсіхтің күнә үшін құрбандық өлімінің қажеттілігін…
Киелі Рух
Христиандық екі ұлы фактіге негізделген: Иса Мәсіх аспандағы даңқталған Адам, ал Киелі Рух жердегі Құдайлық…
Сенім
1935 жылғы Сахара шөліндегі су сорғысына сену туралы оқиға Исаға мәңгілік өмір үшін сенуге қажетті сенімді…