Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:2
Күнтізбе

Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:2
Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек. Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады.
Малахи 3:2–3
Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге 5:3–5
Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.
Еврейлерге 12:7–8
Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді. Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер!
Еврейлерге 12:11–12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2022 ж. 20 қаң.
Ишая 9:6
2022 ж. 19 қаң.
Елшіл. істері 20:19
2022 ж. 18 қаң.
Римдіктерге 5:14
2022 ж. 17 қаң.
Ишая 38:17
2022 ж. 16 қаң.
Қолостықт. хат 1:19
2022 ж. 15 қаң.
Забур жырлары 119:25
2022 ж. 14 қаң.
Жохан 14:28

Мақтаныш
Тәкаппарлық күнәсі тікелей Ібілістен. Бірі – мәсіхшілікке қарсы, екіншісі – шайтандық. Тәкаппарлық әр адамның…
Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының рухани табиғатын, оның тарихи контекстін және мәсіхшілердің бағынышты ретінде қалай өмір…
Таудағы уағыз
Таудағы уағыз Бақыттылар (Баталар) Матай 5:1-12 NIV-ді қамтиды. Матай 5:1-12 NIV: «Иса халықты көргенде…
Шәкірттік
Ең терең сөздердің кейбірі Матай 5:1-7:29 Інжілінде айтылған. «Жазықтағы уағыз» деп аталатын қысқа параллель…
Дұға
Балаларыңыздың рухани сапарын бағыттау үшін 31 күнделікті дұға нүктесін ашыңыз. Олардың құтқарылуы…
Гүлдену
Құдай табысты дүниелік лауазыммен немесе сыртқы келбетпен емес, мінезбен өлшейді. Шынайы рухани құндылықты…