Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізуге емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім.
Матай 20:28
Күнтізбе

Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізуге емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім.
Матай 20:28
Таураттың ережелеріне сай арам деп есептелген адамдарға құрбандыққа шалынған қошқардың не бұзаудың қаны, немесе шалынып, өртелген жас сиырдың күлі бүркіліп себілетін. Сол арқылы олар сырттай тазартылатын. Олай болса, мәңгілік Киелі Рухқа кенелген, Өзін мүлдем кемшіліксіз құрбандық ретінде Құдайға ұсынған Мәсіхтің өз қаны рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан ар-ұжданымызды одан бетер арылтып тазартпақ! Соның нәтижесінде біз мәңгі тірі Құдайға шынымен ғибадат ете аламыз.
Еврейлерге 9:13–14
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.
Ишая 53:7
14-Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын.
Жохан 10:15
Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет.
Жохан 10:18
Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады.
Леуіліктер 17:11
Таурат заңы бойынша бәрі дерлік қанмен тазартылады. Қан төгілмей, Құдай күнәні кешірмейді.
Еврейлерге 9:22
Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді. Енді біз Мәсіхтің қаны төгіліп құрбан болғандығы арқылы ақталған соң, Оның арқасында Құдайдың қаһарынан мәңгілік құтқарылатынымыз да сөзсіз!
Римдіктерге 5:8–9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2022 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6
2022 ж. 5 шіл.
Жохан 1 4:16
2022 ж. 4 шіл.
Жохан 13:23
2022 ж. 3 шіл.
Римдіктерге 8:17
2022 ж. 2 шіл.
Мысырдан шығу 12:43
2022 ж. 1 шіл.
Ғалаттықт. хат 5:22
2022 ж. 30 мау.
Аян 3:19

Мәсіхтің миссиясы
Бұл мақала Иса Мәсіхтің жер бетіне келуінің тоғыз терең себебін ашады, оның адамзатты құтқару және Құдайдың…
Иса Мәсіх
Иса Мәсіх – біздің Ұлы Бас діни қызметкеріміз, ол біздің әлсіздіктерімізге жанашырлық танытып, Құдай алдында…
Күнә
Дәуіттің күнәсінің ауыр зардаптары мен Құдайдың мол рақымын зерттеңіз. Құдайдың рақымынан бас тартқандарды…
Пасха
Иса Мәсіхтің денелік қайта тірілуі христиан дінінің негізі болып табылады. Онсыз барлық христиандық уағыз…

Мәсіхтің миссиясы
Бұл мақала Иса Мәсіхтің жер бетіне келуінің тоғыз терең себебін ашады, оның адамзатты құтқару және Құдайдың…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіх – біздің Ұлы Бас діни қызметкеріміз, ол біздің әлсіздіктерімізге жанашырлық танытып, Құдай алдында…

Күнә
Дәуіттің күнәсінің ауыр зардаптары мен Құдайдың мол рақымын зерттеңіз. Құдайдың рақымынан бас тартқандарды…
Христология
Иса Мәсіхтің кемел адамгершілігі, тартымды қасиеттілігі және барлығына деген мейірімді қызметі арқылы Оның…
Өтеу
Адам істері мен діни әрекеттер бірде-бір күнәні жоя алмайды. Құтқарылу тек Иса Мәсіхтің өтеуші қанында…