Иса көзіне жас алды.
Жохан 11:35
Күнтізбе

Иса көзіне жас алды.
Жохан 11:35
Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.
Ишая 53:3
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге 4:15
Тәңір Ие көптеген адамдарды күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп құрметке бөледі; ал оларға құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелді Бастаушы етті. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді.
Еврейлерге 2:10
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге 5:8
Жаратушы Тәңір Ие құлағымды ашқанда мен қасарысып, кері бұрылған жоқпын. Арқамды ұрып-соққандарға тостым, сақалымды жұлғандарға екі жағымды ұсынып, бетімді балағат пен түкіріктен жаппадым.
Ишая 50:5–6
Яһудилер: — Қараңдар, Ол Елазарды қалай жақсы көрген! — деді.
Жохан 11:36
Себебі Мәсіх періштелердің емес, Ыбырайымның ұрпақтарының қамын ойлайды. Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды.
Еврейлерге 2:16–17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2023 ж. 10 нау.
Жаратылыстың баст. 22:14
2023 ж. 9 нау.
Тимотейге 1 6:17
2023 ж. 8 нау.
Ишая 38:17
2023 ж. 7 нау.
Ишая 54:5
2023 ж. 6 нау.
Нақыл сөздер 2:8
2023 ж. 5 нау.
Ишая 38:14
2023 ж. 4 нау.
Қолостықт. хат 3:2

Пайғамбарлық
Ишая 53 Мәсіхтің азаптары мен кейінгі жоғарылауын алдын ала айтады. Оның қорлануын, қабылданбауын және өтеу…
Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…
Ақыр заман
Мәсіх пен Оның құтқарылғандары кемел бақытта өмір сүретін жаңа аспан мен жаңа жердің мәңгілік күйін ашыңыз.
Құтқарылу
Исаның туылуының терең мақсатын ашыңыз: күнәмен, өліммен және тозақпен күресу. Ол айқышта Құдайдың үкімін…
Рухани өсу
Мәсіхшілер адамзатқа, күнәға және Мәсіхтің жолына тән қиындықтарға тап болады. Олардың шығу тегін, оларды…
Құдайдың сүюі
Құдайдың сүйіспеншілігі біздің сенімімізді қалай оятатынын, сақтайтынын және тереңдететінін біліңіз. Мәсіхпен…