— Біліп алыңдар: Мен жаңа аспан мен жаңа жерді жаратпақпын. Бұрынғылар енді еске алынбай, ойға да келмейтін болады.
Ишая 65:17
Күнтізбе

— Біліп алыңдар: Мен жаңа аспан мен жаңа жерді жаратпақпын. Бұрынғылар енді еске алынбай, ойға да келмейтін болады.
Ишая 65:17
«Мен жарататын жаңа аспан мен жаңа жердің көз алдымда мәңгі жойылмайтынындай, сендердің есімдерің де өшпейді, үрім-бұтақтарың да мәңгі көз алдымда болады, — деп уәде береді Жаратқан Ие.
Ишая 66:22
Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар. Иеміз Мәсіх — адамдар «менсінбей бас тартқан», бірақ Құдай бағалы деп таңдаған «тірі Тас» іспетті. Оған келген сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар. Себебі Киелі жазбада Құдайдың мына сөзі де бар: «Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым, Оны Сиондағы үйімнің бұрышының Іргетасы ретінде орнатып қоямын. Енді Оған сенімін артқан әркім Ұятқа қалмайтын болады әрдайым». Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты». Олар Мәсіх туралы хабарға мойынсұнбағандықтан «сүрініп, құлап», теріс жолға түсіп кетеді. Олардың ақырының осылай болатыны алдын ала белгілі еді. Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар! Бір кезде біртұтас халық емес едіңдер, ал қазір Құдайдың халқысыңдар. Бір кезде Оның қайырымдылығын білмеген едіңдер, ал қазір қайырымына бөлендіңдер. Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар! Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда Құдай бізді құтқаруға келген күні олар өз көздерімен көріп жүрген игі істеріңе бола Оны мадақтайтын болады. Сонымен, сендер Жаратқан Иенің меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне мойынсұныңдар! Елдің басшысы ретінде патшасына бой ұсыныңдар,
Петір 2 3:13
Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады. Сонда мен көктен, Құдайдың қасынан түскен қасиетті қаланы: жаңа Иерусалимді байқадым. Ол күйеуінің алдынан шығуға безеніп киінген қалыңдықтай дайындалған еді. Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды». Сонда тақта Отырған: — Енді бәрін де жаңадан жаратамын, — деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы! — деп қосты.
Аян 21:1–5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2023 ж. 30 қар.
Аян 1:4
2023 ж. 29 қар.
Забур жырлары 65:4
2023 ж. 28 қар.
Жақып 2:26
2023 ж. 27 қар.
Жохан 17:22
2023 ж. 26 қар.
Ишая 62:4
2023 ж. 25 қар.
Римдіктерге 6:18
2023 ж. 24 қар.
Лұқа 8:21

Құтқарылу
Иса Мәсіхтің айқышта өз еркімен өлгенінің терең себептерін ашыңыз. Оның құрбандығы сіздің күнәларыңызды қалай…
Үміт
Сьерра-Леонелік азамат азаматтық соғыстың әсері туралы ойланады, онда Рождество қорқыныш әкелді. Исаның…
Дұға
Балаларыңыздың рухани сапарын бағыттау үшін 31 күнделікті дұға нүктесін ашыңыз. Олардың құтқарылуы…
Құтқарылу
Құдайдың ұлы құтқаруын зерттеңіз, ол Мәсіхтің құрбандығы арқылы орнатылған жаңа жаратылыспен аяқталады.
Үштік
Үшбірлі Құдайдың – Әкенің, Ұлдың және Киелі Рухтың – бірлігін, ерекше рөлдерін және жаратылыстағы…
Өтеу
Адамзаттың күнәсін, Мәсіхтің күнәсіз табиғатын, Оның ерікті құрбандығын және Құдайдың құтқару жоспарын қоса…

Құтқарылу
Иса Мәсіхтің айқышта өз еркімен өлгенінің терең себептерін ашыңыз. Оның құрбандығы сіздің күнәларыңызды қалай…

Үміт
Сьерра-Леонелік азамат азаматтық соғыстың әсері туралы ойланады, онда Рождество қорқыныш әкелді. Исаның…

Дұға
Балаларыңыздың рухани сапарын бағыттау үшін 31 күнделікті дұға нүктесін ашыңыз. Олардың құтқарылуы…