Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.
Жохан 1 5:3
Күнделікті Жарық

Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.
Жохан 1 5:3
Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.
Жохан 6:40
Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп: — Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты. Жақия былай деп куәлік берген еді: яһудилердің басшылары діни қызметкерлер мен леуілік көмекшілерді Иерусалим қаласынан Жақияға жіберіп, «Сен кімсің?» — деп сұратты. Сонда ол жауап беруден бас тартпай: — Мен (Құдай жіберемін деп уәде берген Құтқарушы) Мәсіх емеспін, — деп ашық айтты. Олар: — Онда сен кімсің? (Мәсіхтен бұрын қайтып келуге тиісті) Ілияс пайғамбарсың ба? — деп сұрады. Жақия: — Жоқ, ол емеспін, — деді. — Мүмкін, сен (Мұса Құдай жібереді деген) пайғамбар шығарсың? — Жақия: — Жоқ, — деп жауап қатты. Олар: — Бізді жібергендерге жауап беруіміз үшін кім екеніңді айтшы! Өзің туралы не дейсің? — деп сұрады.
Жохан 1 3:22
Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».
Матай 11:30
Сендер Мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар!
Жохан 14:15
Менің өсиеттерімді жүректеріне сақтап, орындап жүргендер — Мені сүйетіндер. Оларды Әкем де сүйеді. Мен де соларды сүйіп, Өзімді оларға жақынырақ таныстырамын. —
Жохан 14:21
Қандай бақытты даналықты тапқан адам, Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
Нақыл сөздер 3:13
Даналық ұнамды жолдармен жүргізер, Соқпақтары адамды тыныштыққа жеткізер.
Нақыл сөздер 3:17
Іштей Құдай заңына ризамын,
Римдіктерге 7:22
Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп: — Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты. Жақия былай деп куәлік берген еді: яһудилердің басшылары діни қызметкерлер мен леуілік көмекшілерді Иерусалим қаласынан Жақияға жіберіп, «Сен кімсің?» — деп сұратты. Сонда ол жауап беруден бас тартпай: — Мен (Құдай жіберемін деп уәде берген Құтқарушы) Мәсіх емеспін, — деп ашық айтты. Олар: — Онда сен кімсің? (Мәсіхтен бұрын қайтып келуге тиісті) Ілияс пайғамбарсың ба? — деп сұрады. Жақия: — Жоқ, ол емеспін, — деді. — Мүмкін, сен (Мұса Құдай жібереді деген) пайғамбар шығарсың? — Жақия: — Жоқ, — деп жауап қатты. Олар: — Бізді жібергендерге жауап беруіміз үшін кім екеніңді айтшы! Өзің туралы не дейсің? — деп сұрады. Жақия: — Ишая пайғамбар «Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!» деп алдын ала айтып кеткен болатын. Жар салған сол хабаршы менмін, — деп жауап қайырды.
Жохан 1 3:23
Сүйіспеншілікке кенелген адам маңайындағыларға жамандық істемейді. Сондықтан сүйіспеншілік көрсету — Құдайдың заңын орындау.
Римдіктерге 13:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 28 мау.
Әйүп 19:25
2024 ж. 27 мау.
Аян 6:17
2024 ж. 26 мау.
Шежірелер 1-ж. 4:10
2024 ж. 25 мау.
Жохан 1 3:2
2024 ж. 24 мау.
Руларды санау 10:33
2024 ж. 23 мау.
Жохан 14:16–17
2024 ж. 22 мау.
Қолостықт. хат 3:3

Демалыс
Иса шаршағандарды күнә жүгінен тыныштық табуға шақырады. Оның жеңіл мойынтұрағын алып, одан үйреніңіз және…
Құлшылық
Бұл гимн сенушілердің Мәсіх арқылы Әке Құдайға жақындауын, Оның мейірімімен күнәдан кешірілгенін тойлайды.
Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…
Рухани өсу
Мәсіхшілер адамзатқа, күнәға және Мәсіхтің жолына тән қиындықтарға тап болады. Олардың шығу тегін, оларды…
Ізгі хабар тарату
Мәсіхтің елшісі болу нені білдіретінін біліңіз. Өзіңіздің аспандағы дәрежеңіз, миссияңыз және осы әлемде…

Демалыс
Иса шаршағандарды күнә жүгінен тыныштық табуға шақырады. Оның жеңіл мойынтұрағын алып, одан үйреніңіз және…

Құлшылық
Бұл гимн сенушілердің Мәсіх арқылы Әке Құдайға жақындауын, Оның мейірімімен күнәдан кешірілгенін тойлайды.

Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…

Рухани өсу
Мәсіхшілер адамзатқа, күнәға және Мәсіхтің жолына тән қиындықтарға тап болады. Олардың шығу тегін, оларды…
Өтеу
Қаппар күніндегі екі ешкінің киелі мағынасын және олардың күнәні өтеудегі рөлін зерттеңіз. Исаның құрбандығы…