2024 ж. 3 қараша, жексенбі

Күнделікті Жарық

2024 ж. 3 қар.

Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.

Ишая 9:6

Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай!

Заңды қайталау 6:4

Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.

Жохан 10:30

Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер.

Жохан 10:38

Әлгі парызшылдар: — Әкең қайда? — деп сұрады. Иса оларға: — Сендер Мені де, Әкемді де білмейсіңдер. Егер Мені білсеңдер, онда Әкемді де білер едіңдер, — деп жауап қайырды.

Жохан 8:19

— Мырзам, бізге Әкені көрсетіңіз, бізге сол да жеткілікті, — деп өтінді. Иса былай деп жауап берді: — Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені. Бізге Әкені көрсетіңіз деп неге айтасың?

Жохан 14:8–9

«Мен Оған сенімімді арта беремін» және «Міне, Мен және Жаратқан Ие Маған сыйлаған (рухани) балалар мұндамыз!»

Еврейлерге 2:13

Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады.

Ишая 53:11

Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді.

Аян 1:8

Иса оларға былай жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгі) Бар Болушы Менмін!

Жохан 8:58

Құдай оған былай деп жауап қатты: — Мен (Мәңгі) Бар Болушымын. Исраилдіктерге: «(Мәңгі) Бар Болушымын деген мені сендерге жіберді» деп айт. —

Мысырдан шығу 3:14

Ал Ұл туралы былай делінген: «Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік, Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.

Еврейлерге 1:8

Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.

Қолостықт. хат 1:17

Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!

Қолостықт. хат 2:9

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер