2025 ж. 30 қараша, жексенбі

Күнделікті Жарық

2025 ж. 30 қар.

Жоханнан Азия аймағындағы жеті қауымға дұғай сәлем: әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие), Оның тағының алдындағы жеті Рухы

Аян 1:4

Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.

Філіпілікт. хат 4:7

Екі шәкірт осыны айтып тұрғанда, Мәсіх Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді.

Лұқа 24:36

Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.

Жохан 14:27

Мен сендерге Әкемнен бір Қамқоршыны жіберемін: сендерге шындықты білдіретін сол Киелі Рух Әкемнен келіп, Мен туралы куәлік береді.

Жохан 15:26

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік,

Ғалаттықт. хат 5:22

Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.

Римдіктерге хат 8:16

Жаратқан Ие: — Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды. Сонда Мұса былай деп өтінді: — Егер Өзің бірге барып жар болмасаң, бізді бұл жерден уәделі елге апара көрме. Маған және өз халқыңа Сенің рақымыңның түсіп тұрғанын қайдан біле аламыз? Өзіңнің бізбен бірге жүргеніңнен емес пе? Мені және халқыңды жер бетіндегі басқа күллі халықтардан ерекше қылып ажырататын соның өзі ғой.

Мысырдан шығу 33:14-16

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер