2025 ж. 29 қараша, сенбі

Күнделікті Жарық

2025 ж. 29 қар.

Бүкіл жер Саған бас иіп сиынады, Саған арнап мақтау жырларын айтады, Есіміңді мадақтап ән салады».

Забур жырлары 65:4

Соларға жасаған қылмыстарына сай, Істеген зұлым істеріне қарай Тиісті жазаларын тартқыза гөр, Лайықты қарымтасын қайтара гөр.

Забур жырлары 27:4

Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады!

Матай 5:6

Ашыққандарды игілікке кенелтіп, Байларды құр қол қайтарып қуады.

Лұқа 1:53

Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.

Забур жырлары 107:9

Сонда Иса оларға былай деді: — Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!

Жохан 6:35

Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба! Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды, Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды. Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер, Иемізге сенушілер елді иемденер.

Забур жырлары 36:7-9

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер