Олардың бұл ойларын Иса бірден ұға қойып: — Неге солай ойлайсыздар?
Марқа 2:8
Күнделікті Жарық
Олардың бұл ойларын Иса бірден ұға қойып: — Неге солай ойлайсыздар?
Марқа 2:8
Жасы жүзге келіп қалған Ыбырайым өз денесінде ешқандай күш қалмағанын, әйелі Сараның да құрсағына бала бітпейтінін жақсы білгенімен, уайымдап сенімін әлсіретпеді. Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге хат 4:19-20
Сал адамға қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап алып, жүре бер!» деу ме?
Марқа 2:9
Иса оған: — «Қолыңыздан келсе» деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін, — деп жауап берді.
Марқа 9:23
Иса қастарына таяу келіп, былай деді: «Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!
Матай 28:18
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!
Матай 6:26
Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады: — Сенімі аздарым-ай, неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар? Жасағандарымды әлі де не түсінбей, не ескермей келесіңдер ме? Бес күлше нан бес мың адамға жетіп, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер?
Матай 16:8-9
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 7 мау.
Luke 18:1
2026 ж. 6 мау.
Zephaniah 3:17
2026 ж. 5 мау.
Luke 17:10
2026 ж. 4 мау.
Haggai 2:9
2026 ж. 3 мау.
Matthew 25:13
2026 ж. 2 мау.
Exodus 12:11
2026 ж. 1 мау.
Galatians 5:22