Күнәкарлармен бірге жанымды алма, Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
Забур жырлары 25:9
Күнделікті нұр
Күнәкарлармен бірге жанымды алма, Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
Забур жырлары 25:9
Кішіпейіл жандар бақытты: олар жерді иемденетін болады!
Матай 5:5
Мен осы өткінші дүниеге назар аударып, тағы мынаны көрдім: Жарыста жүйрік, шайқаста мықты жан әрдайым жеңе бермейді екен. Данада — тамақ, ақылдыда — байлық, шеберде — абырой әрқашан бола бермейді, солар барлық адамдардың үлесіне орайы келгенде кенеттен тиеді екен.
Уағыздаушы 9:11
Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар, Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.
Нақыл сөздер 16:9
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) «Егер де Жаратқан жар болмағанда, — Деп Исраил мойындасын әр уақытта, — Егер де Жаратқан жар болмағанда, Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
Забур жырлары 123:1–2
Өтірікке лық толған өз ауыздары, Алдамшы да олардың берген анттары.
Забур жырлары 143:8
Уа, Құдайымыз, Сен оларға үкім шығара гөр! Бізге қарсы аттанып келе жатқан осы ғаламат зор тобырдың алдында әлсізбіз. Не істерімізді білмей, Саған қарап Өзіңе үміт артамыз».
Шежірелер 2-ж. 20:12
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5
Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді. Себебі Ол Өзінен шыққан сөзді емес, көктегі Әкемнен естігенін айтады және болашақта не болатынын сендерге хабарлайды.
Жохан 16:13
Сонымен енді пендеңнің әулетін өз алдыңда әрқашан жалғаса берсін деп жарылқауды құп көрдің. Өйткені Өзің, уа, Жаратқан Ие, жарылқағандықтан, осы әулет ұдайы жарылқанатын болады.
Шежірелер 1-ж. 17:27
Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар, Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
Нақыл сөздер 10:22
Сендерге ауыр еңбек ете жүріп, «Алғаннан гөрі берген бақытты» деген Иеміз Исаның сөзін есте ұстап, мүсәпірлерге жәрдемдесу керек екенін ұдайы үлгі етіп көрсеттім.
Елшіл. істері 20:35
Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр! Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың. Әділдер қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді.
Лұқа 14:13–14
Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар! Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.
Матай 25:34–36
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)
Забур жырлары 41:1
Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі, Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.
Забур жырлары 84:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 6 қаз.
2026 ж. 5 қаз.
2026 ж. 4 қаз.
2026 ж. 3 қаз.
2026 ж. 2 қаз.
2026 ж. 1 қаз.
2026 ж. 30 қыр.

Ізгі хабар
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте тек төрт…

Иса Мәсіх
Христиандар Исаны тек жақсы адам деп айтатын типтік христиан еместерге осы логиканы ұсынуы керек. Көптеген…

Таудағы уағыз
Матай 5-7 Иеміз Исаның ізбасарларынан күтетін өмір сүру деңгейіне қатысты көптеген практикалық ілімдерді…

Мәңгілік
Жыл уақыт аясында, ұзағырақ бөліктердің бір бөлігі және сегменттерге бөлінеді. Тіпті күн, ай және жұлдыздар –…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…