Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр, Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
Забур жырлары 66:2
Күнделікті нұр
Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр, Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
Забур жырлары 66:2
Өзім үшін жаратқан халқым Менің Ұлылығымды мақтап жариялайды».
Ишая 43:21
Оларды Менің алдымда жасаған күнәларының бәрінен тазартып, солардың Маған қарсы бас көтергенде жасаған әділетсіз істерінің барлығын кешіремін. Сонда осы қала Менің оған істеген барлық жақсылықтарым туралы естіген жердің барлық халықтарының алдында Маған атақ пен қуаныш, мадақ пен даңқ әкеледі. Сол халықтар Менің осы қалам үшін жасаған барлық жақсылықтарыма және берген аманшылық пен тыныштығыма шошына дірілдейтін болады.
Еремия 33:8–9
Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Еврейлерге хат 13:15
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды: «Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі, Сенің істерің керемет те ұлы! О, халықтардың мәңгілік Патшасы, Сенің жолдарың әділ де шынайы!
Аян 15:3
Біз де бұрын сондайлармен бірге болып, күнәкар болмысымыздың құмарлықтарына беріліп, ойымыз бен бойымыздағы тілектерімізді орындадық. Басқаларға сияқты бізге де Құдайдың қаһарының төгілетіні табиғатымыздан белгілі еді.
Ефестікт. хат 2:3
Бір кезде біз де түйсіксіз болып, тіл алмай, азғырылып, түрлі құмарлықтар мен ләззаттың құлы болдық. Өмірімізді қара ниеттілікпен, күншілдікпен өткізіп, басқаларға жексұрын болып, бір-бірімізді де жек көрдік.
Титке хат 3:3
Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба!
Жохан 3:7
Менің әділдігіме күмән келтірмексің бе? Өзіңді ақтау үшін Мені қараламақсың ба?! Сенде Құдайдың құдіретіндей құдірет бар ма? Даусыңды Ол сияқты күркірете аласың ба?
Әйүп 40:3–4
Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ, — дегенде,
Әйүп 1:8
Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан.
Забур жырлары 51:5
Кейін оны тақтан түсіріп, халыққа Дәуіт пайғамбарды патшалыққа тағайындады. Құдай ол туралы мына тәрізді сөздер айтты: Мен көңілімнен шыққан адамды тауып алдым, ол — Есей ұлы Дәуіт. Сол Менің қалағанымның бәрін орындайтын болады.
Елшіл. істері 13:22
Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көрсеткеніммен, Иеміз маған қайырымды болды. Себебі менде әлі де шынайы сенім болмағандықтан, не істеп жүргенімді білмедім.
Тімотеге 1-хат 1:13
Тәннен — тән, Рухтан — рух туады.
Жохан 3:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2025 ж. 13 жел.
2025 ж. 12 жел.
2025 ж. 11 жел.
2025 ж. 10 жел.
2025 ж. 9 жел.
2025 ж. 8 жел.
2025 ж. 7 жел.

Дін қызметі
Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…

Рухани соғыс
Киелі жазбаларға сүйене отырып, мәсіхшінің жауы Шайтан туралы біліңіз. Оның есімдерін, әрекеттерін және…

Құлшылық
Жаратқан Ие жерді әділдікпен соттауға келіп, Өзінің шындығы мен әділдігін орнатқанда, Оған жаңа ән айтудың…

Емдеу
Исаға қайтып келген алғысшыл самариялықтан үйреніңіз. Мәсіхшілер әрқашан Құдайға құтқарылуы мен өміріндегі…

Әділдік
Ескі Өсиеттегі әділ адам Әйүптің өмірін зерттеңіз. Оның үлгілі мінезін және неліктен тек Исаның әділдігі…
Дүниеқоңыздық
Иса адамға әлемді иемденіп, өз жанын жоғалтудың қандай пайдасы бар деп сұрады. Мәңгілікке созылатын шынайы…