Қасиетті Рухқа толы және Мәсіх оның бәрі болып табылатын мәсіхші қандай тәжірибелерге ие бола алады? Дәл осыны біз Пауылдың 4 жыл тұтқында болғаннан кейін түрмеден жазған қуаныш хаты – Філіпіліктерге хатында көреміз! Елестетіп көріңізші!
Бірінші тараудың 21-аятында Пауыл: «Мен үшін өмір сүру – Мәсіх, ал өлу – пайда» – дейді. Бұл дегеніміз: Мәсіх оның өмірінің бүкіл мақсаты. Пауыл не істесе де, оны Мәсіхті ескере отырып істеді.
Екінші тараудың 5-аятында ол: «Мәсіх Исада болған ой сендерде де болсын» – дейді. Мұнда Мәсіх біздің кішіпейілділік пен мойынсұнушылықта көрсеткен көзқарасымыздағы үлгіміз. Біз ұстануымыз керек үлгі.
3:14-тарауда Мәсіх даңқтағы мақсат болып табылады. Біз Оған барған сайын көбірек ұмтыламыз. Өйткені біз Оны жақсырақ танығымыз келеді және Онымен қарым-қатынастан ләззат алғымыз келеді.
Ал 4-тараудың 13-аятында Пауыл: «Мені нығайтатын Оның арқасында бәрін істей аламын» – дейді. Мәсіх біздің өміріміздегі кез келген жағдайдағы күштің қайнар көзі.
Өмірдің мақсаты, үлгі, даңқтағы мақсат және күштің қайнар көзі – Мәсіх бәрінде бәрі!





