Құдай әлемді топан су арқылы соттағаннан кейін, Нұх пен оның отбасымен жаңа бастама жасады. Бірақ адамдар тағы да сәтсіздікке ұшырады. Жаратушысына мойынсұнып, Оның оларға тек жақсылық қана тілейтініне сенудің орнына, олар Бабыл мұнарасында өз күштерімен аспанға жетуге тырысты. Олардың мақтанышы тіпті оларды өздеріне атақ шығаруға және жер бетіндегі халықты Құдайдан тәуелсіз басқаруға итермеледі (Жаратылыс 11-ді қараңыз).
Бұл біздің заманымызға да тән емес пе? Адамдар басқаруды Құдайға тапсырудың орнына, өздері бақылауда ұстауға тырысады. Бұл сіздің өміріңізде қалай көрінеді?
Иса жер бетінде өмір сүргенде қандай көзқараста болды? Өзінің шәкірттерінің арасында Ол олардың аяқтарын жуған қызметші болды (Лұқа 22:27; Жохан 13-ті қараңыз). Ол мұнда өзінің даңқын іздеген жоқ, керісінше Өзін жібергеннің даңқын іздеді (Жохан 7:18; Жохан 8:50-ді қараңыз). Бәрін Өзі басқарғысы келмей, Ол өмірінің басшылығын Құдай Рухына берді және Әкесінің Өзіне хабарлаған нәрсесіне тәуелді болды. Құдайдың тізгінді ұстайтынын біліп, Ол Пилатқа былай деді:
«Егер саған жоғарыдан берілмесе, менің үстімнен ешқандай билігің болмас еді» (Жохан 19:11).
Сұрақтар
Өміріңіздің қай салаларында кішіпейіл болу қиынға соғады?
Сіз өміріңіздің тізгінін әдейі/саналы түрде қолыңыздан жібердіңіз бе, сонда Иеңіз басшылықты өз қолына алсын, әлде сізді бұдан ұстап тұрған бір нәрсе бар ма? Сіз Оған толық сеніп, көбірек жіберуге дайынсыз ба?





