2006 ж. 8 мам.
Күнделікті нұр, 9 мамыр: Бәрі тұтқындалып, құлдыққа түсті
Күнделікті нұр
Ал сенім дегеніміз — үміттенгеннің жүзеге асатынына күмәнданбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану.
Еврейлерге хат 11:1
Егер де Мәсіхке тек бұ дүниедегі өмір үшін ғана үміт артсақ, онда біз барлық адамдардың ішіндегі ең байғұс-бейшаралары болар едік.
Қорынттықт. 1-хат 15:19
Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді.
Қорынттықт. 1-хат 2:9–10
Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі. Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз.
Ефестікт. хат 1:13–14
Иса: — Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты! — деп жауап берді.
Жохан 20:29
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар. Ақыр соңында сенімдеріңнің нәтижесін: жандарыңның толықтай құтқарылуын қабылдамақсыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:8–9
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:7
Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр.
Еврейлерге хат 10:35
Келе жатқан Менмін ғой! — деп көңілдерін орнықтырды.
Жохан 6:20
Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын әрі Мәңгі Тірімін. Мен өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін. Өлімнің де, о дүниенің де кілттері Менде.
Аян 1:17–18
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Қасіретке қалдым-ау, енді құритын болдым! ... Сонда да мен Патшаны, Әлемнің Иесін, өз көзіммен көрдім!» — дедім. Ол шоқты аузыма тигізіп былай деді: «Міне, бұл еріндеріңе тиді. Енді сен әділетсіз істеріңнен арылып, күнәңнің арамдығынан тазардың.
Ишая 6:5, 7
Алайда бұл халық тоналып, талан-таражға ұшырады. Бәрі тұтқындалып, құлдыққа түсті. Олжа болған оларды құтқаратын біреу де жоқ. Ешкім: «Талан-таражға түскен осы халықты қайтарып бер!» деп талап етпейді.
Ишая 42:22
Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
Жоханның 1-хаты 2:1
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 7 мам.
Матай 24:6 · Забур жырлары 46:1–3
2006 ж. 6 мам.
Забур жырлары 85:10 · Ишая 45:21
2006 ж. 5 мам.
Матай 6:31–32 · Забур жырлары 34:9–10
2006 ж. 4 мам.
Ишая 59:1 · Забур жырлары 138:3
2006 ж. 3 мам.
Матай 5:48 · Жаратылыстың баст. 17:1
2006 ж. 2 мам.
Жаратылыстың баст. 28:16 · Матай 18:20






